Асан (2010 жылға дейін — НабережноеБатыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атауларын өзгерту туралы) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде, Шаған өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 614 адам (299 ер адам және 315 әйел адам) болса, 2009 жылы 946 адамды (462 ер адам және 484 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2199 адамды (1099 ер адам және 1100 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері