Мизофония немесе мисофония ( — «жек көрушілік», «жақтыртпау» және — «дыбыс», «дауыс», «шу», сөзбе-сөз мағынасы — «дыбыстарды жек көру») — дыбыстарға деген төзімсіздіктің (толерантсыздықтың) ерекше формасы. Ол белгілі бір қатты немесе ақырын дыбыстармен байланысты бастан кешкен жағымсыз әсерлерден туындайтын неврологиялық бұзылыс болып есептеледі.Misophonia: When sounds really do drive you crazy. Harvard Health Publishing, 2019.What Is Misophonia? Symptoms, Causes, and Treatments. WebMD Medical Reference, 2024.Misophonia: A review of the current state of knowledge. National Institutes of Health (PMC).

Бұл терминді алғаш рет американдық нейробиологтар Павел Ястребов пен Маргарет Ястребова ғылыми айналымға енгізген.Jastreboff P. J., Jastreboff M. M. Tinnitus retraining therapy (TRT) as a method for treatment of tinnitus and hyperacusis patients. Audiology Medicine, 2003. Сондай-ақ, бұл термин жиі «селективті (таңдамалы) дыбыс сезімталдығы» ұғымының синонимі ретінде де қолданылады.

Гиперакузиядан (барлық дыбыстарға жоғары сезімталдық) айырмашылығы — мизофония тек нақты бір дыбыстарға ғана байланысты өрбиді. Осы белгілерді тудыратын физиологиялық аномалияның анатомиялық орналасуы туралы ғылымда мәліметтер әлі де аз, бірақ оның орталық жүйке жүйесінің құрылымдарымен тікелей байланысты екені ықтимал.Frontiers in Neuroscience: Brain mechanisms underlying misophonia. Frontiers Media, 2021.Misophonia: Symptoms and lifestyle adjustments. Mayo Clinic.

Симптомдары Мизофониямен ауыратын адамдар көбінесе айналадағы өзге адамдардың тырнақ алуы, тіс тазалауы, тамақ ішуі (шайнауы, жұтуы), тыныс алуы, мұрнын тартуы, сөйлесуі, түшкіруі, есінеуі, жүруі, сағыз шайнауы, қорылдауы, ысқыруы немесе жөтелуі сияқты қарапайым күнделікті дыбыстардан қатты тітіркенеді немесе ашу-ызаға булығады. Сондай-ақ белгілі бір дауыссыз дыбыстардың айтылуы немесе жиі қайталанатын кез келген тұрақты дыбыстар да олардың мазасын қашыруы мүмкін.Mizofoni - Vikipedi. Wikipedia Özgür Ansiklopedi.

Механизмдері 2019 жылы С.Н. Перегуда тарапынан мизофонияның дамуының нейропсихологиялық механизмі ретінде «символ дисфункциясы» (сезімдерді, перцептивтік образдарды, бейне-елестерді және мағынаны білдіруге арналған мінез-құлық схемасын синтетикалық іріктеу) теориясы ұсынылды. Бұл теория бойынша бұзылыс «Мен» бейнесінің (аталған зерттеу бойынша негізінен динамикалық компоненттің) дезинтеграциясынан, сондай-ақ мағына қалыптастыруды оңтайландыру мақсатында әлеуметтік-мәдени контекстке қатысты «екінші реттік пайданың» пайда болуынан көрініс табады.Перегуда С. Н. Нейропсихологические механизмы мизофонии: Дисфункция символа. Журнал неврологии и психиатрии, 2019.Understanding Selective Sound Sensitivity Syndrome. American Psychiatric Association.

Дереккөздер

Санат:Неврология Санат:Есту Санат:Жүйке жүйесі аурулары