Заряд - әр түрлі мақсаттарға арналған қопарғыш заттардың белгілі бір мөлшері. Ол қолданылу мақсатына, жасалыну тегіне және қолданылу тәсіліне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді:

1) тау-кен өндірісінде заряд тұтасып жатқан қатты кенді (кентас, көмір, т.б.) шетінен ұсатуға пайдаланылады. Мұнда заряд массасы мен пішіні алдын-ала қопарылысқа есептеліп арнайы заряд қуысына салынады; 2) жарғыш заряд – снаряд корпусын жару немесе оның ішіндегі жарақаттағыш заттарды жан-жаққа шашырату үшін снаряд ішіне салынатын қопарғыш зат; 3) атомдық заряд – ядролық қаруда (ракета, снаряд, бомба) қопарылыс тудыру үшін қолданылатын зат; 4) қопарғыш заряд - әскерлердің қозғалысына тосқауыл келтіретін құрылыстарды жою үшін пайдаланылады; 5) қатты ракеталық отын заряды – белгілі бір пішінде бір немесе бірнеше блок етіп жасалып, ракеталық қозғалтқыштың камерасына салынған қатты отын; 6) термоядролық заряд – ядролық синтез реакциясына бейім әрі орасан көп энергия бөліп шығаратын сутек изотоптарының қоспасы."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім

Дереккөздер

Санат:Көп мағыналы терминдер