Генри Уильям Далглиш Кавилл (, туғ. 5 мамыр 1983, Сент-Сейвьер, Джерси, Норманд аралдары) — британдық актер. Кавилл мансабын «Граф Монте-Кристо» (2002) және «Мен қамалды басып аламын» (2003) атты фильмдерден бастайды. Кейін ол қосалқы рольдерде BBC-дің «Инспектор Линлидің тергеуі», ITV-дің «Мидсомердегі өлім», Showtime-тың «Тюдорлар» телевизиялық шоуларында, ал сосын Голливудтың «Тристан және Изольда» (2006), «Жұлдызды тозаң» (2007), «Қанды бұлақ» (2009) және «Құдайлар соғысы: Ажалсыз» (2011) сынды фильмдеріне қатысады. Сосын ол Арми Хаммермен бірге «А.Н.К.Л. серісі» (2015) шпиондық фильмде және Netflix-тің «Құмды қамал» соғыс драмасына түседі.
2008 жылы Dunhill жұпар иістер коллекциясының ресми өкілі болады.
Кавилл DC-дің кеңейтілген әлеміндегі Супермен ролін ойнау арқасында әлемге жақсы таныла бастады, 2013 жылы «Құрыш адам», кейіннен сол рөлді «Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы және «Әділет лигасы» фильмдерінде ойнайды. Алғашқы екі фильм Супермен жайлы түсірілген кинолардың ішінен ең табысты болып саналады.
Фильмография ЖылҚазақша атауыБастапқы атауыРөл2001фЛагунаLagunaТомас Эпри2002фГраф Монте-КристоThe Count Of Monte CristoАльберт Мондего2002сИнспектор Линлидің тергеуіThe Inspector Lynley MysteriesЧес Куилтер2002тфҚош бол, мистер ЧипсGoodbye, Mr. ChipsСарбаз Колли2003фМен қамалды басып аламынI Capture the CastleСтивен Колли2003сУбийства в МидсомереMidsomer MurdersСаймон Мэйфилд2005вВосставший из ада 8: Мир адаHellraiser: HellworldМайк2006фТристан мен ИзольдаTristan & IsoldeМелот2007фҚызыл телпекRed Riding HoodАңшы2007фЖұлдызды тозаңStardustХамфри2009фҚанды бұлақBlood CreekЭван Маршалл2009фБудь что будетWhatever WorksРэнди Джеймс2007—2010сТюдорларThe TudorsЧарльз Брэндон2011фҚұдайлар соғысы: АжалсызImmortalsТесей2012фСредь бела дняThe Cold Light of DayУилл Шоу2013фҚұрыш адамMan of SteelКал-Эл / Кларк Кент / Супермен2015фА.Н.К.Л. агенттеріThe Man from U.N.C.L.E.Наполеон Соло2016фБэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңыBatman v Superman: Dawn of JusticeКал-Эл / Кларк Кент / Супермен2017фҚұмды қамалSand CastleКапитан Сайверсон2017фӘділдік лигасыJustice League Part OneКал-Эл / Кларк Кент / Супермен2018фМиссия невыполнима: ПоследствияMission: Impossible - FalloutАвгуст Уолкер / Джон Ларк2018фГаннибал ойыныNight HunterМаршалл2019 — о. у.сМыстангерThe WitcherГеральт Ривиидан2020фЭнола ХолмсEnola HolmesШерлок Холмс / Sherlock Holmes
Дереккөздер
Сілтемелер