Армения Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Арменияның намысын қорғайтын ұлттық құрама. Басқарушы орган - Армения Футбол Федерациясы.
Тарихы КСРО тараған соң басқа да посткеңестік елдер секілді өз алдына ірі турнирлерге қатыса бастады. Алғаш қатысқан ірі турнирі - ЕУРО-1996 іріктеуі.
ЕУРО-2012 іріктеу кампаниясында құрама екінші орын үшін соңғы сәтке дейін айқасты. Соңғы турда Ирландия құрамасымен ойнап, 1:2 есебімен ұтылды да, үшінші орынға түсіп кетті. Солай тарихта тұңғыш рет ірі турнирлерге қатысу мүмкіндігінен айрылып қалды.
ӘЧ-2018 іріктеуінде 6 ұпай жинап, бесінші орынмен турнирді аяқтады.
Құрама 2017 жылдың 11 маусымына дейін 170 кездесу өткізген. 41 кездесуде ұтып, 33 ойында тең түскен. 96 кездесуде жеңіліске ұшыраған.Доп айырмасы: 156 — 291 (-135)
Армения — Әзірбайжан кикілжіңі Екі мемлекет көптеген жылдардан бері Таулы-Карабах автономиялық республикасына өзара таласып келеді. Осы кикілжіңнің салқыны футболға да тиіп, екі қүраманың немесе екі мемлекет клубтарының арасындағы матчтар жанжалсыз, төбелессіз өтпейді. Тыныштықты көздеген УЕФА басшылар қазір Бұл екі құраманы да, екі елдің клубтарын да мүмкіндігінше бір-бірімен ойнатпауға, бір топқа түсірмеуге тырысады.
ЕУРО-2008 іріктеу кампаниясында Армения мен Әзірбайжан клубтары бір топқа түсіп қалады. Соңында екі тарап та бір-бірімен ойнаудан бас тартады да, өзге құрамалар 14 матчтан ойнаса, бұл екі құрама 12 матчтан ғана ойнайды. Айта кетейік, осы топта Қазақстан құрамасы да бар еді.
Құрама мергендері #•ФутболшыТуған күні, жылыДебютіГолМатчСоңғы матчы1• Генрих Мхитарян21. 01. 198914.01.2007236810.06.20172Артур Петросян17. 12. 197114.10.1992116913.10.20043• Геворг Казарян5. 04. 198822.08.2007105526.03.20174 Юра Мовсисян2. 08. 198711.08.2010103529.03.20155• Эдгар Манучарян19. 01. 198719.02.200495310.06.20176• Маркос Пиццелли24. 07. 198522.05.200895410.06.20177Ара Акопян11. 04. 198021.11.199874211.02.20098• Артур Саркисов19. 04. 198710.08.201163810.06.20179Армен Шахгельдян28. 08. 197314.10.199265306.06.200710Арман Карамян14. 11. 197909.01.200054903.03.201011 Роберт Арзуманян24. 07. 198518.03.200557413.06.201512• Араз Озбили́з9. 03. 199029.02.201253004.06.2017 Сілтемелер 1992 жылдан бергі барлық матчтары
Санат:Армения Ұлттық футбол құрамасы