«Динамо» Загреб (хорв. Građanski nogometni klub Dinamo Zagreb) — Хорватиядағы кәсіби футбол клубы. Хорватияның 25 дүркін және Югославияның 9 дүркін чемпионы.

Тарихы 1911 жылы құрылып, 1945 жылға дейін "Граждански" деген атаумен ойнады. 1923 жылы тұңғыш рет мемлекет чемпионы атанды.

1945 жылы Загребтің атақты үш клубымен бірге "Граждански" де таратылып, "Динамо" деген атпен қайта біріктірілді де, қазіргі атауына ие болды. Хорватия тәуелсіздік алғанша Югославия чемпионатында өнер көрсетті.

Әуелі "Кутурашка" стадионында ойнап жүрді де, кейіндеу қазіргі "Максимир" стадионына көшті.

Жетістіктері

Хорватия чемпионы (26): 1992–93, 1995–96, 1996–97, 1997–98, 1998–99, 1999–00, 2002–03, 2005–06, 2006–07, 2007–08, 2008–09, 2009–10, 2010–11, 2011–12, 2012–13, 2013–14, 2014–15, 2015–16, 2017–18, 2018–19, 2019–20, 2020–21, 2021–22, 2022–23, 2023–24, 2025–26 Хорватия кубогының иегері (17): 1993–94, 1995–96, 1996–97, 1997–98, 2000–01, 2001–02, 2003–04, 2006–07, 2007–08, 2008–09, 2010–11, 2011–12, 2014–15, 2015–16, 2017–18, 2020–21, 2023-24 Хорватия суперкубогын иегері (8): 2002, 2003, 2006, 2010, 2013, 2019, 2022, 2023 Хорватия бірінші лигасының чемпионы (2): 1941, 1943 Югославия чемпионы (9): 1923, 1926, 1928, 1936–37, 1939–40, 1947–48, 1953–54, 1957–58, 1981–82 Югославия кубогының иегері (8): 1938, 1951, 1959–60, 1962–63, 1964–65, 1968–69, 1979–80, 1982–83 1967 жылы УЕФА Жәрмеңкелер кубогын жеңіп алды.

Сыртқы сілтемелер Клубтың ресми сайты

Санат:Хорватия футбол клубтары