Оңтүстік Осетиядағы қарулы қақтығыс (немесе Бес күндік соғыс) — 2008 жылдың тамызында бір тараптан Грузия, екінші тараптан өздерін тәуелсіз деп жариялаған Оңтүстік Осетия мен Абхазия республикалары және оларды қолдаған Ресей Федерациясы арасында орын алған соғыс.Q&A: Conflict in Georgia // BBC News. — 2008. — 11 қараша. Гүржі-осетин қақтығысы аймағындағы жағдай шілденің соңында және тамыздың басында күрт ушыға бастады.New battle looms over S Ossetia // Al Jazeera. — 2008. — 20 тамыз.

Соғыстың барысы Белсенді әскери қимылдар 2008 жылдың 8 тамызына қараған түні Грузия қарулы күштерінің Оңтүстік Осетия астанасы Цхинвали қаласын жаппай атқылауынан басталды.Conflict spreads outside S Ossetia // Al Jazeera. — 2008. — 9 тамыз. Грузин тарапы бұл әрекеті арқылы аймақты өз бақылауына алуға тырысты. 8 тамыз күні түстен кейін Ресей президенті қақтығыс аймағында «бейбітшілікті мәжбүрлеу операциясының» басталғанын мәлімдеді.Conflict spreads outside S Ossetia // Al Jazeera. — 2008. — 9 тамыз. Осы мәлімдемеден кейін аймаққа Ресей әскерлері енгізілді.

Бірнеше күнге созылған шайқастар барысында ресейлік әскерлер жергілікті осетин құрылымдарымен бірге грузин әскерлерін Оңтүстік Осетия аумағынан толық ығыстырып шығарды. Сонымен қатар, Абхазия күштерімен бірлесе отырып, Кодор шатқалы тазартылды және Грузияның Оңтүстік Осетиямен шекаралас бірнеше аудандары уақытша басып алынды. Белсенді әскери қимылдар тамыздың 12-не дейін жалғасты.

Бейбіт реттеу және салдары 2008 жылдың 14–16 тамызы аралығында Ресей, Грузия, Оңтүстік Осетия және Абхазия басшылары қақтығысты бейбіт жолмен реттеудің бірлескен жоспарына қол қойды.Пятидневная война (8-12 августа 2008 года) // Кавказский Узел. — 2025. — 8 тамыз. Бес күндік соғыстың халықаралық деңгейде ірі геосаяси және экономикалық салдары болды.

Соғыстың негегі нәтижелері: 26 тамызда Ресей Федерациясы Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін ресми түрде таныды.South Ossetia: Russia pushes roots deeper into Georgian land // BBC News. — 2018. — 7 тамыз. 2 қыркүйекте Грузия билігі Ресеймен дипломатиялық қатынастарды толығымен үзді. Грузияның НАТО әскери блогына интеграциялану және кіру процесі белгісіз мерзімге тоқтап қалды.South Ossetia profile // BBC News. — 2024. — 25 қазан.

Дереккөздер

Санат:2008 жылғы соғыстар Санат:Грузия тарихы Санат:Ресейдің соғыстары