Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев (1937 жылы 16 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — педагог. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұғалімі (1991). Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1983). Құрмет орденінің иегері (2001).
Толығырақ Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев 1937 жылы 16 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандығын бітірген.
Еңбек жолы Еңбек жолын 1957 - 1958 жылдары Чернорецк балалар үйінен бастайды. 1958-1962 жылдары Павлодар қаласындағы №9 орта мектепте аға пионервожатый қызметін атқарады. 1962-1966 жылдары №3 облыстық қазақ мектеп-интернатында аға тәрбиеші қызметін атқарады. 1966-1972 жылдары Красноармейка мектеп-интернатында оқу-ісінің меңгерушісі болып істейді. 1972-1982 жылдары мектеп-интернат, арнайы мектеп, балалар үйі саласы бойынша Облыстық білім беру бөлімінде инспектор қызметін атқарады. 1982 жылы Павлодар қаласындағы №4 қосымша мектеп-интернатының директоры қызметіне тағайындалды. 1986 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының директоры. Бар саналы өмірі мен еңбегін тек бала (ұрпақ) тәрбиелеу ісіне бағыштаған ұстаз-басшы бұл күнде облысқа, республикаға ағарту саласында өзінің мол тәжірбесімен, еңбегімен танымал. 1986 жылдан 2007 жылға дейін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының директоры болып қызмет істеді.
Шығармашылығы Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев 40 жылдан астам өмірін болашақтың ұрпағын тәрбиелеу ісіне бағыштады. Ұстаздықтың қилы-қилы баспалдақтарының бәрінен өтіп, “адам мүсіншісі”, “бала бағбаны” аталған ұлы мамандықтың сан сырын, қиын қырын түгелдей толық меңгерген майталман ұстаз. Ұстаздың бұлай сатылай өсуі жемісті табыстарға жол ашты: ұстаздың біліктілігі мен білімі, іскерлігі мен ұйымдастыра білу шеберлігі педагогтік ұжымдарды шебер басқарып, ұжым еңбегін елге таныта білуге жетеледі.
Марапаттары 1983 - Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі 1985 - КСРОның "Еңбек ардагері" медалі 1991 - Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұғалімі 2001 - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды 2008 - Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық медалі 2011 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі 2016 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі Көптеген құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған.
Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімдері Санат:Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталғандар Санат:КСРО білім беру ісінің үздіктері