УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2009 — УЕФА Чемпиондар Лигасының 2008/09 маусымының шешуші ойыны. 2009 жылы 27 мамырда Римдегі Олимпиадалық стадионда өтті. Испанияның "Барселона" клубы Англияның "Манчестер Юнайтед" клубын 2:0 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Матч
Ойынды манчестерліктер ширақ бастады. Алғашқы 10 минутта төрт қауіпті соққы бағыттаса да, есеп ашылған жоқ. Каталондар бірінші шабуылды-ақ нәтижелі соққы жасады: 10 минутта Андрес Иньестаның добын Самюэль Это'о жақын жерден теуіп торға түсірді. Мұнан соң "Барселона" өз басымдығын берген жоқ.
70 минутта Хавидің әуелетіп асырған добын Лионель Месси баспен ұрып, торға түсірді. Манчестерліктер оқтын-оқтын шабуылдар жасағанымен, нәтиже шығара алмады. Барселона үшінші рет осы турнирде жеңіске жетті. Басқа да фактілер Бұл маусымда "Барселона" мүмкін болған жүлделердің барлығын ұтты. УЕФА Чемпиондар Лигасы, Испания чемпионаты, Испания кубогы, Испания суперкубогы, УЕФА Суперкубогы, Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. "Требл" (Испания кубогы және чемпионаты, Чемпиондар Лигасы) жасаған испандық бірінші клуб. Протокол
GK 1 Виктор ВалдесRB 5 Карлес Пуйоль (к)CB 24 Яя ТуреCB 3 Жерар Пике LB 16 СильвиньоDM 28 Серхио БускетсCM 6 ХавиCM 8 Андрес Иньеста RW 10 Лионель МессиLW 14 Тьерри Анри CF 9 Самьюэль Это'оАлаңға шыққандар:MF 15 Сейду Кейта FW 27 Педро Родригес Бапкер: Хосеп Гвардиола GK 1 Эдвин ван дер СарRB 22 Джон О'ШиCB 5 Рио ФердинандCB 15 Неманья Видич LB 3 Патрис ЭвраCM 8 Андерсон CM 16 Майкл КэррикCM 11 Райан Гиггз (к) RW 13 Парк Чжи Сун LW 10 Уэйн РуниCF 7 Криштиану Роналду Алаңға шыққандар:MF 18 Пол Скоулз FW 9 Димитар Бербатов FW 32 Карлос Тевес Бапкер: Алекс Фергюсон Дереккөздер
Сілтемелер
Ресми сайты
Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 2008/09 Санат:Барселона ФК ойындары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойындары Санат:2009 жылғы футбол Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары