УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 1994 — УЕФА Чемпиондар Лигасының 1993/94 жылғы маусымының шешуші матчы. 1994 жылы 18 мамырда Афинадағы Олимпиадалық стадионда өтті. "Милан" 4:0 есебімен "Барселонаны" ұтты.

Матч "Барселона" осы ойынннан сәл ғана алдын Испания чемпионатын ұтқандықтан, матчтың фавориті саналды. Бірақ легионерлерді пайдалану лимитінің шегін сақтап, Брайан Лаудруп, Жан-Пьер Папен секілді ойыншыларын пайдалана алмағаны аздай, Алессандро Костакурта, Франко Барези секілді ойыншылары да финалға қатыса алмаған "Милан" бұл күні ерекше ойнады.

"Милан" финалда ақ жейдемен, "Барселона" өздерінің әдепкі қызылды-көк жейдесімен алаңға шықты. 22 минутта миландық Деян Савичевич оң қанаттан доп асырып, Даниэле Массаро дәл соқты — 1:0. бірінші тайм бітер тұста Массаро тағы да гол соқты, бұл жолы оған Роберто Донадони ассистентік жасады.

Екніші тайм бастала бере каталондық қорғаушы Надальдың қателігін пайдаланып, допты иеленіп алған Деян Савичевич қақпашының үстінен асыра салды, 3:0. Соңғы голды Марсель Десайи қақпашымен жеке шығып, торға түсірді.

Басқа да фактілер Деян Савичевич 1991 жылы "Црвена Звезда" сапында, ал Марсель Десайи 1993 жылы "Олимпик Марсель" сапында осы турнир жеңімпазы атанған-ды. СОнымен, екі түрлі клуб сапында Чемпиондар Лигасын жеңген футболшылар саны төртеуге жетті. Бұған дейін румын Марк Белодедичи мен нидерландылық Рональд Куман осындай жетістікке жеткен-ді.

Матч туралы есептеме

ққ 1 Себастьяно Россиқр 2 Мауро Тассотти (к) қр 5 Филиппо Галлиқр 6 Паоло Мальдини қр 3 Кристиан Пануччи ж 9 Звонимир Бобанж 4 Деметрио Альбертини ж 8 Марсель Десайиж 7 Роберто Донадониш 10 Деян Савичевичш 11 Даниэле Массаро Алаңға шыққандар:қр 13 Стефано Нава Бапкер: Фабио Капелло300px ққ 1 Андони Субисарретақр 2 Альберт Феррер қр 4 Роналд Куманқр 5 Мигель Анхель Надаль қр 7 Серхи ж 3 Хосеп Гвардиолаж 6 Хосе Мари Бакеро (к) ж 9 Гильермо Аморж 8 Христо Стоичков ш 11 Чики Бегиристайн ш 10 РомариоАлаңға шыққандар:ж 14 Эусебио Сакристан ж 16 Кике Эстебаранс Бапкер: Йохан Кройф

Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 1993/94 Санат:1994 жылғы футбол Санат:Барселона ФК ойындары Санат:Милан ФК ойындары Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары