Еркебұлан Мұратұлы Тұңғышбаев (14 қаңтар 1995, Шымкент, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. «Ордабасы» клубында өнер көрсетеді.

Карьерасы

Клубтық Шымкент футболының түлегі саналады. 2013 жылғы маусымды "Қыран" сапында арендада өткізді.

2014 жылдан "Ордабасының" негізгі құрамында ойнай бастады. 2015 жылы УЕФА Еуропа лигасының іріктеуінде ойнады.

Содан кейін де бірнеше жыл бойы "Ордабасыда" негізгі құрамда ойнады. 2018 жылы Ұлттық құрамада сәтті ойнап, "Қайрат" басшыларының көзіне түсті де, маусымаралық ауысымда алматылық клуб сапына өтті.

Ұлттық құрама Ұлттық құрамада 2016 жылдан бері ойнап келеді. Алғашқы ойынын ӘЧ-2018 іріктеу турнирі аясында 2016 жылы 11 қараша күні Данияға қарсы өткізді (1:4). Алғашқы голын 2018 жылы 26 наурыз күні Болгарияға қарсы ойында енгізді. Бұл кездесуде Қазақстан футболшылары 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Жетістіктері Командалық Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2019

Жекелей "Жылдың жаңа есімі": ҚПЛ-2014 Үздік жас ойыншы: КПЛ-2016

Сілтемелер Ұлттық құрамалар сайтында

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қыран ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ақсу (Ақсу) ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-2003 ФК ойыншылары