Хендрик Йоханнес Кройф (Круифф) (, , Йохан Крёйфф; 25 сәуір 1947https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/8021, Амстердам, Нидерланд — 24 наурыз 2016, Барселона, Испания) — нидерландылық футболшы және бапкер. Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының, «Аякс», «Барселона» клубтарының шабуылшысы. Бүкіл карьерасында 752 матчта алаңға шығып, 425 гол соққан. "Алтын доп" жүлдесінің үш дүркін иегері. ХХ ғасырдағы әлемнің ең үздік футболшыларының бірі.

Өмірбаяны Йохан Кройф 1947 жылы 25 сәуірде Амстердамда Германюс Корнелиус пен Петронелла Драйердің отбасында дүниеге келді. Балалық шағы Бетондроп ықшамауданындағы Аккерстрат көшесінде доп қуалаумен өтіпті. Кейін "Аякстің" жастар клубына қабылданады. 1964 жылдан бастап кәсіби футболшы ретінде алаңға шығады. "Аякс" сапында 1973 жылға дейін ойнап, сегіз рет Нидерланд чемпиондығына қол жеткізеді. Үш маусым қатарынан, 1971-73 жылдары УЕФА Чемпиондар Кубогының жеңімпазы атанады. 1973 жылғы табысты маусымнан соң "Барселонаға" ауысады. 1974 жылғы әлем чемпионатына осы каталондық клубтың сапында жүргенде барады.

1974 жылғы әлем чемпионатында Нидерланд құрамасы "тұтасқан футболдың" үлгісін көрсетіп, әлем футболының жаңа өркениетіне жол ашады. Финалға дейін Бразилияны 2:0, Аргентинаны 4:0 есебімен ұтып, алтын жүлдеден басты үміткер командаға айналғанымен, финалда ГФР құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалады. Осы жеңілістен соң Кройф енді ешқашан әлем чемпионатында ойнамауға серт береді. Сертінде тұрып, 1978 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуы үшін құрамаға көмектеседі де, өзі мундиалға комментатор ретінде барады.

Бапкерлік карьерасында "Барселонаны" жаттықтырып жүріп біраз табыстарға жетті. 1992 жылғы Чемпиондар Лигасын ұтып алды да, осы турнирде футболшы ретінде де, бапкер ретінде де жеңімпаз атанған тұлғалардың біріне айналды.

2016 жылы 24 наурызда рак ауруынан қайтыс болды.

Жетістіктері Командалық Нидерланд Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1974 Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1976

Аякс Нидерланд чемпионы (8): 1965/66, 1966/67, 1967/68, 1969/70, 1971/72, 1972/73, 1981/82, 1982/83 Нидерланд кубогы (5): 1966/67, 1969/70, 1970/71, 1971/72, 1982/83 УЕФА Чемпиондар Кубогы (3): 1970/71, 1971/72, 1972/73 УЕФА Суперкубогы (1): 1972 Континентаралық кубок: 1972

Барселона Испания чемпионы: 1973/74 Испания кубогы: 1977/78

Фейеноорд Нидерланд чемпионы: 1983/84 Нидерланд кубогы: 1983/84

Бапкер ретінде Аякс Нидерланд кубогы (2): 1985/86, 1986/87 Кубок иелерінің кубогы: 1986/87

Барселона Испания чемпионы (4): 1990/91, 1991/92, 1992/93, 1993/94 Испания кубогы: 1989/90 Испания суперкубогы (3): 1991, 1992, 1994 УЕФА Чемпиондар Кубогы: 1991/92 УЕФА Кубок иелерінің кубогы УЕФА: 1988/89 УЕФА Суперкубогы: 1992

Жеке жетістіктері 1954—2003 жж Нидерландының ең үздік футболшысы (УЕФА-ның 50 жылдық мерейтойына орай) "Алтын доп" иегері (3): 1971, 1973, 1974 Испанияның ең үздік легионер футболшысы (2): 1977, 1978 Нидерландының үздік мергені (2): 1967 (33 гол), 1972 (25 гол) Нидерланд кубогының үздік мергені: 1966 (9 гол) Чемпиондар Кубогының үздік мергені: 1971/72 (5 гол) World Soccer версиясы бойынша ХХ ғасыр футболшылары арасында 2-орын. ФИФА 100 тізіміне енген ӘЧ-1974 үздік футболшысы

Отбасы 1968 жылы 2 желтоқсанда Дэнни Костерге үйленді. Ұлы Йорди Кройф та футболшы, футбол жаттықтырушысы.

Есте сақтау 2016 жылы 9 қыркүйекте Вальфогона-де-Риукорб қаласында көшенің аты берілді.

"Аякс" стадионы 2019 жылы 26 тамызда Йохан Кройф арена деп аталды.

2019 жылы "Камп Ноу" стадионында Кройф статуясы орнатылған.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Леванте ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Барселона ФК жаттықтырушылары Санат:Аякс Амстердам ФК жаттықтырушылары Санат:Каталония Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Алтын доп иегерлері