Андрей Юрьевич Финонченко (21 маусым 1982Тransfermarkt.com, Қарағанды, КСРО) — қазақстандық футболшы, бапкер. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының бұрынғы футболшысы. Қазір "Шахтер" (Қарағанды" клубының бапкерлерінің бірі.

Карьера

Клубтық Қарағанды футболының түлегі. Бүкіл карьерасында тек "Шахтер" сапында ғана ойнаған. 2001 жылы 28 сәуірде тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде "Шахтер" - "Есіл" (Көкшетау) матчында алаңға шықты. Алғашқы голын 2003 жылы "Восток-Алтын" командасының қақпасына енгізді. Сол жылы Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды.

2013 жылы Еурокубоктерде сәтті ойнап, командамен бірге УЕФА Еуропа Лигасының топтық турнирінде ойнады. Финонченко Қазақстанның 2013 жылғы ең үздік футболшысы атанды.

Карьерасын 2017 жылы осы "Шахтерда" ойнап жүріп аяқтады. Қазір клубтың бапкерлер құрамына енген.

Құрама Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2003 жылы 6 маусымда Польшаға қарсы өткізді. Алғашқы голын 2004 жылы ақпанда Кипрдегі оқу-жаттығу жиындарында Арменияның қақпасына соқты. Бұл кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды.

Жетістіктері

Клубтық Қазақстан чемпионы (2): 2011, 2012 Қазақстанның қола жүлдегері (2): 2007, 2009 Қазақстан кубогы (1): 2013 Қазақстан суперкубогы (1): 2013

Жеке

Қазақстанның үздік футболшысы (1): 2013 Қазақстан чемпионатының үздік мергені (1): 2003 Футболист года в Казахстане по версии журнала «GOAL»: 2013 Премьер-лиганың үздік қазақстандық футболшысы (1): 2013 Премьер-лиганың үздік қазақстандық шабуылшысы (1): 2013 Премьер-лигадағы үздік 33 (3): № 1 (2003, 2013); № 2 (2006)

Жеке өмірі Әйелінің аты Ирина, қызының аты Анастасия. Андрейдің әкесі футбол жанкүйері, "Шахтердің" өз алаңында өткізген ойындарының барлығын тамашалауға тырысады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Sports.ru сайтындағы профилі УЕФА сайтындағы профилі

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары