Соломон аралдары Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Соломон аралдарының намысын қорғайын құрама. ОФК және ФИФА мүшесі. Әзірше әлем чемпионаттарына қатысқан емес. ОФК Ұлттар кубогінде 2004 жылы күміс жүлдені иеленген.

Тарихы Құрама 1960 жылдардан бері ресми жолдастық кездесулер өткізіп келеді. Алғаш қатысқан ірі турнирі - 1980 жылғы ОФК кубогы. Ол жолы топтық турнирден аса алмады. Ал 1996 жылы тұңғыш рет жартылай финалға жетті. Арада төрт жыл өткен соң турнирдегі алғашқы жүлдесін иеленді - қола медалға қол жеткізді. 2004 жылы финалға жетіп, алаң иелері Аустралиядан ойсырай ұтылды - 0:6. 2012, 2016 жылдары төртінші орынды қанағат тұтты.

ОФК Ұлттар кубогі 1973 — қатыспады 1980 — 1 раунд 1996 — жартылай финал 1998 — іріктеуден өте алмады 2000 — 3-орын 2002 — 1 раунд 2004 — 2-орын 2008 — іріктеуден өте алмады 2012 — 4-орын 2016 — 4-орын

ОФК Ұлттар кубогы-2004 Финал

Сілтемелер Құрама матчтары

Санат:Соломон аралдары Ұлттық футбол құрамасы