Уильям Макмастер Мердок — (; 28 ақпан 1873 жыл — 15 сәуір 1912 жыл) — шотланд теңізшісі, "Титаник" экипажының мүшесі, капитанның бірінші көмекшісі. "Титаник" апатында қайтыс болған.

Өмірбаяны Шотландияның Далбатти қаласында дүниеге келді. Ол Самюэл Мердоктың төртінші ұлы. Әкесі де теңізші болған, теңіз саудасының капитаны ретінде қызмет атқарған. Уильям да әке жолын қуып, теңізші болуды армандаған.

Мектепте және Ливерпульдегі жоғары оқу орындарын бітіріп, 1896 жылы 23 жасында магистр дипломын алған. 1897-99 жылдары Нью-Йорк пен Шанхай арасына қатынаған J.Joyce & Co кемесінде капитанның бірінші көмекшісі болды. 1900-12 жылдары «White Star Line» компаниясындағы кемелердің бірінші көмекшісі боп қызмет атқарды. Атап айтқанда, Мэдик (1900 — "Титаниктегі" қызметтесі Чарльз Лайтоллермен бірге), Руник (1901—1903), Арабик (1903), Кельтик (1904), Германик (1904), Океаник (1905), Седрик (1906), Адриатик (1907—1911) және Олимпик (1911—1912).

1912 жылы "Титаник" алғашқы әрі соңғы сапарына шыққанда да кеме капитаны Эдвард Джон Смиттің бірінші капитаны болды.

Титаник апатында 1912 жылы 14 сәуір күні кешкі сағат 23:40-та "Титаник" айсбергке соқтығысқан кезде Мердоктің кеме руліндегілерге нақты қалай бұйрық бергені жайлы әр түрлі мәліметтер бар. "Солға бұр" немесе "артқа қарай" деді ме, ол жайлы жорамалдар көп. Кемедегі адамдарды эвакуациялау кезінде Мердок белсене жұмыс істеді, бірақ оның қандай жағдайда қайтыс болғаны тағы белгісіз. Оны соңғы рет кеме шөгуге 20 минуттай қалғанда қоймадағы қайықтардың біріне адам отырғызып жатқанда көргендер бар. Ары қарайғы тағдыры белгісіз. Барлық айғақшылар оны өз-өзін атып өлтірген "Титаник" офицерлерінің бірі ретінде жорамалдайды. Өз-өзін атып өлтіргендер Джеймс Пол Муди, Генри Уайлд және Уильям Мердок үшеуінің бірі, бірақ нақты қайсысы екенін ешкім дөп басып айта алмайды.

Қалай болғанда да, апатта қайтыс болған 1500 адамның бірі осы - Мердок.

Ескерткіш Туған қаласы Далбаттиде Мердокқа арнап мемориал ескерткіш қойылған. Және оның атында ашылған қайырымдылық қоры бар.

Кинематография "Титаник" жайлы түсірілген фильмдерде Уильям Мердоктің рөлін сомдаған актерлер. «Титаник» 1953 — Барри Бернард. «Титаниктің шөгуі» 1958 — Ричард Лич (англ. Richard Leech). "Титаникті құтқарыңдар" 1979 — актер Пол Янг. "Титаник" 1996 — Малкольм Стюарт (англ. Malcolm Stewart). "Титаник" 1997 — Ивэн Стюарт.

Әдебиетте Bruce Beveridge (2009). Titanic, the ship magnificent. Volume two: interior design & fitting out. The History Press. p. 509. ISBN 9780752446264. Gérard Piouffre (2009). Le « Titanic » ne répond plus (in French). Larousse. p. 317. ISBN 9782035841964. Альбатрос аңызы (қазақ тілінде)

Дереккөздер

Сілтемелер Мердок жайлы мәліметтер

Санат:Титаник жолаушылары және командасы Санат:Титаникте қайтыс болғандар Санат:28 ақпанда туғандар Санат:15 сәуірде қайтыс болғандар