Сальваторе «Тото» Скиллачи (; 1 желтоқсан 1964 жыл, Палермо, Италия — 18 қыркүйек 2024) — футболшы, Италия Ұлттық футбол құрамасының 1990-1992 жылғы шабуылшысы.

Карьерасы 1990 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында 6 гол соғып, сұрмерген атанды. Карьерасын өзінің туған қаласы Палермодағы "АМАТ Палермо" клубында бастағанSCHILLACI Salvatore: il destino dell’emigrante . Кейін Италияның "Мессина", "Ювентус", "Интер", және Жапонияның "Джубило Ибата" клубтарында доп тепкен.

Италия құрамасы сапында жеті гол соққан. Бір қызығы, соның алтауын 1990 жылы әлемдік додада соғып, тарих төрінен берік орын алды. Чемпионатқа Скиллаччи емес, Виалли мен Карневале негізгі шабуылшы ретінде барған-ды. Бірақ бірінші турдағы Аустрия құрамасымен ойында ұзақ уақыт есеп ашылмай, бапкер ойынға Скиллачиді қосады. 78-минутта Скиллачи сол қанаттан асырылған допты баспен соғып, командасына жеңіс әпереді. Бұл чемпионаттағы ғана емес, ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голы-тұғын. Скиллачи үшінші турда да Чехословакияның қақпасына гол соғады. Осылайша топтық турнир біткенше Виалли-Карневале жұбын енді Роберто Баджо-Скиллачи жұбы алмастырады.

Скиллачи плей-офф кезеңіндегі матчтардың барлығында және үшінші орын үшін Англиямен өткен ойында да бір-бір голдан соғады. Чемпионаттан кейін тек бір рет қана, 1991 жылы Норвегияның қақпасына бір доп енгізіп, қайтадан құрама ойындарында көзге түсе алмайды.

Жетістіктері Италия кубогы: 1989/90 УЕФА кубогы: 1989/90, 1993/94 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1990 Әлем чемпионатының үздік мергені: 1990 (6 гол)

Құрамадағы голдары # Дата Қала Қарсылас Есеп Нәтиже Турнир 1. 9 маусым 1990 Рим 1-0 1-0 ӘЧ-1990, топтық турнир 2. 19 маусым 1990 Рим 1-0 2-0 ӘЧ-1990, топтық турнир 3. 25 маусым 1990 Рим 1-0 2-0 ӘЧ-1990, 1/8 4. 30 маусым 1990 Рим 1-0 1-0 ӘЧ-1990, 1/4 5. 3 шілде 1990 Неаполь 1-0 1-1, пен. 3-4 ӘЧ-1990, 1/2 6. 7 шілде 1990 Бари 2-1 2-1 3-орын үшін 7. 5 маусым 1991 Осло 1-2 1-2 ЕЧ-1992 іріктеуі

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Италия футболшылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары