Scratch () — балалар мен жасөспірімдерге арналған визуалды блоктық және оқиғаларға негізделген бағдарламалау ортасы. Ол Массачусетс технологиялық институтының (MIT) Media Lab зертханасында Митчел Резниктің жетекшілігімен әзірленген.

Scratch атауы сөзінен шыққан. Бұл — хип-хоп ди-джейлері винил пластинкаларын алға-артқа қозғалту арқылы музыкалық композициялар жасайтын немесе араластыратын әдіс.

Scratch бағдарламалау ортасы Logo бағдарламалау тілі мен Лего конструкторының идеяларын жалғастыру мақсатында жасалған. Scratch 1.4 нұсқасы Squeak тілінде жазылды, ал 2.0 және 3.0 нұсқалары негізінен веб-платформаға бейімделді. Scratch 2.0 Flash және ActionScript технологияларын қолданса, қазіргі Scratch 3.0 нұсқасы HTML5 пен WebGL негізінде жасалған, сондықтан ол мобильді құрылғылар мен планшеттерде де жұмыс істейді.

2008 жылы Scratch ортасы Arduino микроконтроллерімен жұмыс істеуге бейімделіп, S4A (Scratch for Arduino) жобасы ұсынылды.

Бағдарламалау Scratch бағдарламалары спрайттардан () тұрады. Әрбір спрайттың костюмдер жиынтығы (), дыбыстары және сценарийлері болады. Костюмдерді өңдеу үшін бағдарламаға кіріктірілген графикалық редактор () қолданылады.

Scratch бағдарламасының орындалуы өлшемі 480 × 360 шартты пиксель болатын сахнада () жүзеге асады. Сахнаның өз фондары, дыбыстары және жеке сценарийлері болуы мүмкін.

Scratch-та бағдарламалау drag-and-drop тәсілі арқылы орындалады: пайдаланушы блоктар палитрасынан қажетті блоктарды сценарийлер аймағына сүйреп апарып біріктіреді. Функционалдық қызметіне қарай блоктар 10 топқа бөлінеді және әр топ белгілі бір түспен белгіленеді.

Көптеген блоктарда пайдаланушы енгізетін параметрлерге арналған өңделетін ақ түсті өрістер болады.

Scratch бағдарламалау ортасында блоктар алты негізгі түрге бөлінеді: стек блоктары, тақырып (қалпақша) блоктары, аяқтаушы блоктар, C-блоктар (қамтушы блоктар), логикалық блоктар және есептеу (репортер) блоктары.

Стек блоктары () — ең көп қолданылатын блоктар. Олардың жоғарғы жағында ойық, ал төменгі жағында шығыңқы бөлігі болады, соның арқасында бірнеше блок бір-біріне жалғанып, стек құрайды. Мұндай стектерді толықтай көшіруге немесе бір бүтін блок ретінде жылжытуға болады. Стек блоктарының ерекше түріне C тәрізді басқару блоктары жатады. Олар циклдер мен шартты операторларды құру үшін пайдаланылады және өз ішіне басқа блоктарды орналастыра алады.

Тақырып блоктары () жоғарғы жағында дөңес пішінге ие және төменгі жағында басқа блоктарды жалғауға арналған шығыңқы бөлігі болады. Бұл блоктар сценарийдің басталуын анықтайды. Олардың қатарына «қашан…» () оқиғалар блогы жатады. Ол пернетақта, тінтуір немесе спрайттар арасында жіберілетін хабарламалар сияқты сыртқы және ішкі оқиғаларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Аяқтаушы блоктар сценарийдің орындалуын аяқтайды. Олардың төменгі жағында жалғастыруға арналған шығыңқы бөлік болмайды, сондықтан оларға басқа блоктарды жалғау мүмкін емес.

C-блоктар немесе қамтушы блоктар басқа блоктарды өз ішіне орналастыруға арналған арнайы ойығы бар блоктар болып табылады. Олар циклдерді, қайталау операторларын және шартты тармақталуларды құру үшін пайдаланылады. «Мәңгі» () блогынан басқа барлық C-блоктарда бағдарламаның орындалу барысын анықтайтын логикалық өріс болады.

Логикалық блоктар () алтыбұрышты пішінде болады және ақиқат () немесе жалған () мәндерін қайтарады. Олар көбінесе «Егер...» және «... дейін қайталау» сияқты басқару блоктарының шарттарын анықтау үшін қолданылады.

Scratch бағдарламалау тілі (Logo тілі сияқты) сандармен, мәтіндік жолдармен, логикалық мәндермен және динамикалық массивтердің қызметін атқаратын тізімдермен жұмыс істейді.

Scratch бағдарламалары өзара оқиғалар арқылы байланысатын спрайттар жиынтығынан тұратындықтан, оның архитектурасы объектіге бағытталған бағдарламалауға ұқсайды. Дегенмен Scratch толыққанды объектіге бағытталған бағдарламалау тілі болып саналмайды, өйткені онда мұрагерлік механизмі қарастырылмаған. Тек кеңейтілген BYOB (кейінгі Snap!) диалектісінде прототиптік мұрагерлік енгізілген.

Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника