СкарнҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 (швед тілінен skarn — тастанды, пайдасыз жыныс) — әкті-магнийлі-темірлі силикаттардан және алюмосиликаттардан құралған метасоматитті тау жынысы. Карбонатты тау жыныстары мен қышқыл магманың, түрлі алюмосиликатты тау жыныстарының жоғары температуралық аумағында, магмалық ыстық ерітінділердің химиялық әсерінен әкті Скарн. Ca-Mg-Fe силикаттарынан тұрады және магнийлі скарн (магний минералдарынан тұрады) қалыптасады. Минералының құрамына байланысты скарн жай және күрделі генетикалық жағынан метасоматитті, автометасоматитті интрузиялар жапсарында орналасуына қарай эндоскарндар, экзоскарндар, тағы басқа болып бөлінеді. Жаралу тереңдігіне қарай гипабиссалдық (1 — 3 — 4 км) мезоабиссалдық (3 — 4 км-ден 15 — 16 км-ге дейін) абиссалдық (15 — 16 км-ден 30 — 40 км-ге дейін) болып бөлінеді. Скарндардың қалыптасу температурасы 400 — 1000С аралығында. Скарн линза, қабат, желі, түтік, тағы басқа пішінді, құрамында белдемділік байқалады. Скарн мен темір, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден және тальк, флогопит, хризотил-асбест, тағы басқа кендер байланысқан. Қазақстанда Сарыбай, Атансор темір және Қарағайлы қорғасын-барит кендері cкарн да орналасқан. Пайдалы қазба кендерінің көптеген түрлері скарндармен тығыз байланыста түзіледі.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Геология