Оңтүстік Вьетнам Ұлттық футбол құрамасы — 1949-76 жылдары Оңтүстік Вьетнамның атынан сынға түскен құрама. ФИФА мен АФК-ға мүше болған.
Тарихы Алғашқы матчын 1949 жылы өткізген. Азия кубогына екі рет, 1956, 1960 жылдары қатысып, екеуінде де төртінші орынға табан тіреген. Әлем чемпионатының іріктеуіне бір рет қана қатысты, 1973 жылы Жапония мен Гонконг құрамаларынан ұтылып, финалдық турнрирге жолдама ала алмады.
1976 жылы Солтүстік Вьетнам мен Оңтүстік Вьетнам бірікті де, құрама өмір сүруін тоқтатты.
Әлем біріншіліктерінде
1974 — іріктеуден өте алмады
Азия кубогында
1956 — 4-орын 1960 — 4-орын 1964 — іріктеуден өте алмады 1968 — іріктеуден өте алмады 1972 — қатыспады 1976 — іріктеуден өте алмады
Тағы қараңыз
Солтүстік Вьетнам ұлттық футбол құрамасы Вьетнам Ұлттық футбол құрамасы
Санат:Вьетнам Ұлттық футбол құрамасы