Вирджил ван Дейк (; 8 шілде 1991, Бреда) — нидерланд футболшысы, тегі суринамдық. "Ливерпуль" футбол клубы мен Нидерланд құрамасының қорғаушысы. "Гронинген" футбол клубының түлегі.
Мансабы Карьерасын 2011 жылы өзінің туған клубы "Гронингенде" бастады. Сол жылы 30 қараша күні "Фейеноордтың" қақпасына командадағы алғашқы голын енгізді.
2013-15 жылдары "Селтик" сапында ойнап, Шотландия чемпионы атанды. 2015-18 жылдары Англияның "Саутгемптон" клубында өнер көрсетіп, 70-ке жуық ойында алаңға шықты. 2018 жылы 1 қаңтар күні "Ливерпульге" ауысты.
2018 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында "Реалға" қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шықты.
Жетістіктері Командалық Селтик Шотландия чемпионы (2): 2013/14, 2014/15 Шотландия Лига кубогы: 2015
Ливерпуль Англия чемпионы (2): 2019/20, 2024/25 Англия кубогы: 2021/22 Англия футбол лигасының кубогы: 2021/22, 2023/24 Англия суперкубогы: 2022 УЕФА Чемпиондар лигасы: 2018/19 УЕФА Суперкубогы: 2019 Клубтар әлем чемпионаты: 2019
Жеке УЕФА версиясы бойынша жылдың үздік қорғаушысы: 2018/19 «Селтиктегі» жыл ойыншысы: 2013/14 «Саутгемптондағы» жыл ойыншысы: 2015/16 Премьер-лиганың үздігі: желтоқсан 2018 УЕФА Чемпиондар лигасының үздік қорғаушысы: 2018/19 Премьер-лиганың үздігі: 2018/19 «Ливерпулдің» үздік ойыншысы: 2018/19 УЕФА версиясы бойынша Еуропаның үздік ойыншысы: 2019
Дереккөздер
Сілтемелер liverpoolfc.com сайтындағы Профилі
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гронинген ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары