Шарықты – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. Аудан орталығы – Ерейментау қаласының солтүстік-батысында 7 – 8 км, Шарықты өзенінен шығысқа қарай 3 – 4 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 392 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 6,5 – 7 км-ге, ені 1,5 – 2 км-ге созыла орналасқан. Төбесі төбешіктермен тілімделген. Беткейі көлбеуленген.

Геологиялық құрылымы Делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген девон жыныстарымен жабылған.

Өсімдігі Қара қоңыр топырағында қараған, сұлыбас, қаулы өсімдіктері өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары