Француз Гвианасы — халықаралық футбол жарыстарында Француз Гвианасының намысын қорғайтын құрама. Басқарушы оран - Гвиана футбол лигасы.

Тарихы Гвиана футбол лигасы Француз Футбол федерациясының қарамағында болғандықтан ФИФА-ға мүше емес. Сол себепті де әлем чемпионатына қатысуға құқы жоқ. Құрама қатысатын негізгі турнир екеу — КОНКАКАФ Алтын кубогы мен Кариб елдері кубогы.

КОНКАКАФ Алтын кубогына тұңғыш рет 2017 жылы қатысты. Коста-Рика, Канада, Гондурас құрамаларымен бір топқа түсіп, үш матчта да ұтылып соңғы орында қалды. Алғашқы ойында Канадамен кездесті, 3:0 есебімен жеңіліп тұрып екі гол соқты (авторлары Руа Конту мен Слоан Прива). Бірақ 85 минутта тағы бір гол жіберді де, 2:4 есебімен тізе бүкті. Қалған екі қарсыласынан бірдей есеппен ұтылды — 0:3

А тобының қорытынды кестесі КомандаОҰТЖСДЖД+-Ұ Коста-Рика321051 +47 Канада312053 +25 311131 +24 Француз Гвианасы3003210 -80

Кариб елдері кубогы

1989 — іріктеуден өте алмады 1990 — чемпионат соңына дейін ойналмады 1991 — 1994 — іріктеуден өте алмады 1995 — топтық турнир 1996 — 1999 — іріктеуден өте алмады 2001 — қатыспады 2005 — іріктеуден өте алмады 2007 — қатыспады 2008 — қатыспады

Сілтемелер Құраманың ресми сайты RSSSF.com сайтындағы статистикасы

Санат: Француз Гвианасы Ұлттық футбол құрамасы