Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953, Алматы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, дипломат, 2019 жылғы маусымнан бері қызметтегі Қазақстанның екінші Президенті.

Оған қоса, Тоқаев — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, 2022 жылдан бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы (2021–2026), Аманат партиясының төрағасы (2022), екі мерзім Сенат төрағасы (2013–2019, 2007–2011), БҰҰ Бас хатшысының орынбасары (2011–2013), екі мәрте Қазақстан Сыртқы істер министрі (2002–2007, 1994–1999) және бір кез Қазақстан премьер-министрі (1999–2002) қызметін атқарды.

Елде тұрақтылық сақталды да, саяси өзгеріс орын алды және жаңа реформалар жүрді, алайда оған қарамастан Тоқаевтың басшылығы шетелдік және жергілікті ақпарат көздерінен кейде адам құқықтарын бұзған және авторитарлық болып келеді деген сыни пікір көреді. 2022 жылғы Credit Suisse құпия деректерінің жариялғаны Тоқаевтар отбасының кем дегенде 1998 жылдан бері оффшорлық активтерінің күрделі желісін басқарып жатқанын белгілі қылды.

Ерте жылдары Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әкесі Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923–1986) — Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ жазушысы. 20 жасында Киевті азат ету кезінде бір рота автоматшылар командирі болатын. Соғыстан кейін тұңғыш қазақстандық детектив жанрындағы жазушы ретінде қалыптасты. Ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Жаршысы» журналында редактор болды. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931–2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген. Отбасында бір ұл және екі қыз Қарлыға (1956) және Қарлығаш (1960).

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын ата-анасы Қасым Болтаев (Тоқаев) есімді ағасының құрметіне қойған. Қасым Қызыл әскер құрамында соғысқа аттанып, Ржев шайқасында қаза болды. Соғыстан кейін Кемел Тоқаевқа Тың игеру бағдарламасына қосқан үлесі үшін медаль берілді.

Балалық шағының бір бөлігін Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Жетісу облысының Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылында өткізеді. 1970 жылы Алматы қаласындағы Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектепті аяқтайды. Мектеп француз тілін тереңдетіп оқытады.

1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады. Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтеді, кейін Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданады. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралды.

1983–1984 жылдар аралығында Бейжің тілтану институтында тағылымдамадан өтті. 1984–1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет атқарды. 1989 жылы КСРО Бас хатшысы Михаил Горбачёв Қытайға жасаған сапары кезінде Дэн Сяопинмен болған келессөздерде аудармашы болды.

1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

1998 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ретінде «Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхит елдірі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал 2001 жылы саяси ғылымдар докторы ретінде «Жаңа жаһандық тәртіп заманында Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Саяси қызметі Сыртқы істер министрінің орынбасары (1992–1994) 1992 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1993 жылы ол Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ретінде қызмет атқарды.

Сыртқы істер министрі (1994–1999) 1994 жылғы 13 қазанда Тоқаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

1999 жылы наурыз-қазан аралығында Нұрлан Балғымбаев басқарған Үкіметте премьер-министрдің орынбасары.

Қазақстан премьер-министрі (1999–2002)

нобай|солға|Премьер-министр Тоқаев (сол жақта) пен Ресей премьер-министрі Владимир Путин, 19 қаңтар 2000 1999 жылғы наурызда Тоқаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1999 жылғы қазанда ол, Парламенттің қолдауымен және Президент жарлығымен Қазақстан премьер-министрі болып сайланды. Премьерлігі тұсында елдің ЖІӨ өсімі 2001 жылы 13.5% өссе, инфляция 11.2% азайды.

2001 жылғы 20 қарашада Хабар тікелей эфирінде, Тоқаев президент Нұрсұлтан Назарбаевты егер өзі «интригант» деп атаған бірнеше мемлекеттік шенеунікті жұмыстан босатпаса, премьер-министр қызметінен кетемін деп мәлімдеме жасады. Аталған «кәсіби емес» шенеуніктер қатарында премьер орынбасары Ораз Жандосов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әлихан Бәйменов, Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов және Қорғаныс министрінің орынбасары Жаннат Ертілесова болды. Оларды Тоқаев атқарушы билікті орталықсыздандырғысы келеді және демократизацияға кедергі жасап жатыр деген айыптар тақты. Тоқаевтың сөзінен кейін Назарбаев үкіметтің 6 мүшесін, соның ішінде Жандосов, Жақиянов және Ертілесованы қызметтерінен босатты.

Мемлекеттік хатшы (2002–2007) нобай|солға|Тоқаев (сол жақтан бірінші отырған) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (үшінші), 9 қыркүйек 2004, Вена, Аустрия Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты. 1995 және 2005 жылдары ол Нью-Йорктағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа шолу конференцияларына қатысты. 1996 жылы ол Нью-Йоркта Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа және 2005 жылы Семейде Орталық Азия ядросыз аймағы шартына қол қойды.

Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің төрағасы болып сайланған және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 10 сессиясына қатысқан.

Сенат төрағасы (2007–2011) нобай|оңға|Қасым-Жомарт Тоқаев, Сергей Лавров пен Джон Керри, 13 қыркүйек 2013 2007 жылғы қаңтарда Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы болып сайланды.

2008 жылы Сенат төрағасы ретінде, ол ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте 15 сәуір 2011 жылға дейін болды.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары нобай|солға|Тоқаевтың БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы алдында сөз сөйлеуі, 1 қазан 2012 2011 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар ол Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды.

Тоқаевтың саясаттану ғылымдарының докторантурасы бар. Ол — тоғыз кітаптың және халықаралық қатынастар туралы біршама мақаланың авторы. Ресейлік биографиялық институт оған «2018 жылғы Жыл адамы» атағын берді.

Сенат төрағасы (2013–2019) 2013 жылғы 16 қазанда ол Қазақстан Сенатының төрағасы болып қайта сайланды, Тоқаевтың кандидатурасына сенаторлар бір ауыздан дауыс берді.

2016 жылғы жер мәселесі жайлы наразылық шаралары кезінде Тоқаев елдегі жер мәселесін шешу сын көзімен қарау керек деді.

Президенттігі (2019–)

2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттігін өз еркімен тоқтататынын мәлімдеді. Конституция бойынша бұл жағдайда Президент міндетін Сенат төрағасы атқарады. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті міндетін атқарушысы ретінде ант қабылдады. Инаугурациясының аяқталғаннан кейін Астана қаласының атауын Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертуді ұсынды. Парламент сол күні қаланың жаңа атауын бекітті. 23 сәуір күні Нұр Отан партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Президент сайлауы сол жылғы 9 маусымда өтті. Президент сайлауында жалпы дауыстың 70,96% жинады. 12 маусымда жаңа сайланған Президент ретінде ант беріп, ресми түрде қызметке кіріседі. Иннаугурация Нұр-Сұлтанның Тәуелсіздік сарайында өтті.

2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, ал 2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды. Осы уақытта Нұр Отан партиясының төрағасы ретінде сайланып, сәуір айында партиядан шығатынын мәлімдеді. Алғашқы кезеңде бірнеше әлеуметтік-экономикалық реформалар жасалды, соның қатарында мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, әлеуметтік жағынан осал отбасылырының несиелерін кешіру, өлім жазасына тиым салу, жергілікті өзін өзі басқаруды күшейту, саяси партиялар мен сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілді.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстанда жаппай қарсылық митингтері өтті. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жергілікті халық газдың екі есе өсуіне наразылық білдірді. Кейін минингті қолдау Қазақстанның басқа қалаларында да басталды. Асқар Мамин басқарған үкімет оставкаға жіберілді. Жаңа үкіметтің премьер-министрі ретінде Әлихан Смайылов тағайындалды.

Қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа өзгерістер және трансформация туралы хабарлады. Наурыз айында Қазақстан халқына жасаған жолдауында елдің саяси жүйесін модернизациялау мен демократизациялау мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынды. Сәуір айында Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық Референдум өткізуді ұсынды. Референдумға қатысқан азаматтардың 77,18% өзгерістерді қолдады. 8 маусым күніаталған өзгерістер өз күшіне енді. Бұл өзгерістер супер президенттік басқару жүйесін мықты парламенті бар президенттік жүйеге өзгеруге ықпал етуі тиіс.

2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында алғашқы 5 жылдық президенттік мерзімінің 2024 жылы аяқталатынына қарамастан кезектен тыс президент сайлауын өткізу ұсынды. Сонымен қатар сайлаудан кейін президент өкілеттілік меозімін 5 жылдан 7 жылға ұзарту туралы және бір ғана мерзімге сайлану туралы ұсыныс енгізетінін хабарлады. 2 қыркүйек күні Жаңа Қазақстан деп аталатын депутаттық топ Конституцияда президент өкілеттігін сайлауға дейін өзгертіп, бір ғана мерзіммен шектеу туралы ұсыныс жасады. 13 қыркүйек күні Конституциялық кеңес ұсынылған өзгерістерді бекітті. 16 қыркүйек күні Қазақстан Парламенті Конституцияға өзгерістерді енгізу туралы заң қабылдады.

2022 жылғы 21 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын 2022 жылғы 22 қараша күніөткізу туралы жарлыққа қол қойды.

6 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалиция (құрамында Аманат, Ақ жол және Қазақстан халық партиясы кіретін) атынан президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды.

20 қарашада өткен президент сайлауында 81,31% дауыс жинады. 26 қараша күні жаңа сайланған президент ретінде қызметке кірісті.

2019 нобай|оңға|Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин, 3 сәуір 2019 2019 жылғы маусымда болған, Арыс трагедиясы деп аталып кеткен Арыс қаласындағы жарылыс сериясынан кейін Тоқаев қылмыстық іс қозғап, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне ықтимал жарылыстардың алдын алуын тапсырды да, кінәлілер жауапқа тартылады деп уәде берді. 25 маусымда ол қаланың эвакуациялық пунктіне барып, жергілікті халықпен кездесті.

Тоқаев өзінің президент ретіндегі халыққа арналған тұңғыш жолдауын 2019 жылғы 2 қыркүйекте берген. Жолдауында ол қоғамның және қауіпсіздіктің дамуына, жергілікті бизнестерді қолдауға және елдегі экономикалық дамудың орнауына біраз назар аударды.

2019 жылғы қазанда Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлерін қоспағанда, министрлікке әлеуетті үміткерлердің барлығы тағайындалмас бұрын Назарбаевтың мақұлдауын алуы қажет екені белгілі болды.

Сол жылғы Bek Air ұшақ апатынан кейін Тоқаев 2019 жылғы 28 желтоқсанды Ұлттық аза тұту күні қылып жариялап, кінәлілердің барлығы заң бойынша жазаланады деп уәде берді.

2020 2020 жылғы ақпанда орын алған Масанчи ауылындағы ұлтаралық қақтығыстан кейін Тоқаев Қордай ауданы әкімін, Жамбыл облысы әкімінің орынбасарын және облыс пен аудан полиция басшыларын қызметінен босатты. Қазақтар мен дүнгендер арасында болған ұлтаралық қақтығысты ол «екі қылмыстық топ» арасында болған қақтығыс әкеп соқты деді.