Фахад Әл-Гашеян (, 11 тамыз 1973 жыл, Сауд Арабиясы) — араб футболшысы, Сауд Арабиясы Ұлттық футбол құрамасында ойнаған жартылай қорғаушы.

Карьерасы Кәсіпқой карьерасын "Аль-Хилал" клубында бастап, 1999 жылы клуб басшыларымен киікілжіңге келеді де, "Аль-Наср" клубына ауысады. Жаңа командасында Сауд Арабиясы чемпионы атанып, Еуропаға кетеді. 1999 жылдары Нидерландының АЗ Алкмар командасында бір жылдай доп тебеді. 2000 жылы не-бары 27 жасында футболшылық ғұмырын аяқтайды.

Ұлттық құрама сапында төрт ойын ғана өткізген. 1994 жылғы әлем чемпионатына қатысып, 1/8 финалда Швецияның қақпасына чемпионаттың ең әдемі индивидуалды голдарының бірін енгізеді. Бірақ бұл гол құрамаға түпкілікті көмектеспейді, 1:3 есебімен ұтылып қалады.

Жетсістіктері

Командалық Парсы шығанағы ұлттары кубогы: (1)

1994

Сауд Арабия чемпионы: (1)

1994/95

Араб Чемпиондар кубогы: (1)

1994

Сілтемелер Saudiarabiafootball.com сайтындағы профилі

Санат:Сауд Арабиясы футболшылары Санат:Сауд Арабиясы Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары