Руд Крол (; 24 наурыз 1949 жыл, Амстердам) — Нидерланд футболшысы, Нидерланд Ұлттық құрамасының қорғаныс шебінде ойнаған.

Футболшылық ғұмырының көбі "Аякс" сапында өтті. Үш дүркін Еуропа Чемпиондар кубогын ұтып алды.

Ұлттық құрамада тұңғыш рет 1969 жылы алаңға шықты. 1974 жылы әлем чемпионатында күмістен алқа тақты. Чемпионатта Крол екі рет көзге түсті, бірінші топтық кезеңнің үшінші турында Болгариямен ойынның 78-минутында өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ бұған нидерландылықтар қайғыра қойған жоқ, бұл кезде 3:0 есебімен ұтып тұрған-ды. Нәтижеде есеп 4:1 болды.

Екінші топтық кезеңнің бірінші турында Руд Крол Аргентинаға гол соқты, бұл кездесуде Нидерланд 4:0 есебімен ірі жеіске жетті.

Чемпионаттан алдын Нидерланд футбол федерациясы әлем чемпионатында әр голға ірі мөлшерде сыйақы тағайындаған болатын. Чемпионаттан соң уәделерін орындап, сыйақы тапсырады. Бірақ футболшылар Болгариямен ойындағы Кролдың автоголына да сый беруін талап етеді. "Автогол соққандарға сыйақы бермейміз" деп уәде етілмегендіктен, амалсыз Кролдың автоголы үшін де басқалармен бірдей сый беріледі.

Жетістіктері Командалық

Ұлттық құрама

Әлем чемпиоантының күміс жүлдегері (2): 1974, 1978 Еуропаның қола жүлдегері: 1976

«Аякс»

Нидерланд чемпионы (6): 1970, 1972, 1973, 1977, 1979, 1980 Нидерланд кубогы (4): 1970, 1971, 1972, 1979 Чемпиондар кубогы (3): 1970/71, 1971/72, 1972/73 УЕФА Суперкубогы (2): 1972, 1973 Құрлықаралық кубок: 1972

Бапкер ретінде Мысыр Олимпиадалық құрамасы

Бүкілафрикалық ойындар жеңімпазы: 1995

«Замалек»

Мысыр кубогы: 2007/08 Афро-Азия кубогы: 1997

«Орландо Пайретс»

ОАР чемпионы: 2010/11 ОАР Кубогы: 2010/11

«Сфаксьен»

Тунис чемпионы: 2012/13 КАФ Конфедерациясы кубогы: 2013

«Эсперанс»

Тунис чемпионы: 2013/14

Жеке "Күміс доп" иесі: 1979 Алтын доп номинанты (4): 1977, 1978, 1980, 1981

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Статистикасы Статистикасы "Аякс" клубының ресми сайтында Руд Крол жайлы Руд Крол жайлы «Planetworldcup.com» сайтында Статистиксы Профиліm

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Канн ФК ойыншылары