Мұсса Ваге (; 4 қазан 1998 жыл, Бигнона, Сенегал) — сенегалдық футболшы, "Эйпен" футбол клубы мен Сенегал құрамасының қорғаушысы.
Клубтық карьерасы Катардағы Аспири академиясында футболмен жаттыға бастады. 2017 жылы осы Академия мен Бельгияның "Эйпен" клубы өзара келісім шарт жасасып, Ваге "Эйпен" сапына өтті. Бельгиялық клуб сапында 2017 жылы 21 қаңтар күні "Генкпен" ойында (0:1) тұңғыш рет алаңға шықты. 18 ақпан күні «Кортрейк» қақпасына клуб сапындағы тұңғыш голын енгізді.
Халықаралық карьерасы Ұлттық құрама сапында 2017 жылы 23 наурызда Нигериямен ойында тұңғыш рет алаңға шықты.. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысып, екінші турда Жапонияның қақпасына бір гол енгізді.
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Wague Maxifoot Profile NFT Profile
Санат:Эйпен ФК ойыншылары Санат:Сенегал футболшылары Санат:Сенегал Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары