Луис Антонио Корреа да Коста (; 31 қаңтар 1966 жыл, Кампу-Гранди), Мюллер ретінде танымалБұл лақап аты германиялық атақты футболшы Герд Мюллерге еліктегендіктен қойылған) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. 1994 жылғы әлем чемпионы.

Ұлттық құрамада 1986-98 жылдары ойнады. 1986 жылғы әлем чемпионатында Мюллер бес кездесуде де алаңға шықты. Алайда гол соға алмады. 1990 жылғы әлем чемпионатында құрама төрт гол ғана енгізді. Оның екеуін Мюллер, екеуін Карека енгізді. Мюллер 1994 жылы да әлем чемпионатына барды. Бірақ бұл жолы бір кездесуде ғана алаңға шықты да, мергендігімен көзге түсе алмады.

Карьерасын аяқтаған соң комментаторлықпен айналысты. 2006 жылғы әлем чемпионатының матчтарын TV Bandeirantes арнасынан жүргізіп отырды.Турнирден соң "Санту-Андре" клубының атқарушы директоры боп қызметке орналасты.

Жетістіктері

Командалық

Әлем чемпионы (U-20): 1985 Сан-Паулу штатының чемпионы: 1985, 1987, 1991, 1992, 1996 Бразилия чемпионы: 1986, 1991 Роуза кубогы: 1987 Италия кубогы: 1989, 1990 Либертадорес кубогы: 1992, 1993 Құрлықаралық кубок: 1992, 1993 Либертадорес кубогы: 1993 Әлем чемпионы: 1994 Минас-Жерайс штатының чемпионы: 1998 Рекопа жеңімпазы: 1999 Сул-Минас кубогы: 2001

Жеке

Бразилия чемпионатының мергені: 1987 Құрлықаралық кубоктың үздік ойыншысы: 1992 Бразилиядағы "Күміс доп" иегері: 1997

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі terceirotempo.ig.com.br

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Операрио ФК ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Касива Рейсол ФК ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Сан-Каэтано ФК ойыншылары Санат:Тупи ФК ойыншылары Санат:Португеза Деспортос ФК ойыншылары Санат:Ипатинга ФК ойыншылары