«Пианист туралы аңыз» ( — «Мұхит төсіндегі пианист туралы аңыз», — «Мың тоғыз жүзінші туралы аңыз») — италиялық режиссер Джузеппе Торнаторенің музыка жанрындағы драма-фильмі. Алессандро Барикконың «Новеченто» («Жиырмасыншы ғасыр») атты кітабының желісімен түсірілген.
Мазмұны Фильм кеменің ішінен ешқашан жағалауға шықпаған талантты пианистің тағдырын баяндайды. 1900 жылы оны әлдекім "Вирджиния" кемесіне туып тастап кетіп, сол жердегі жұмысшылардың бірі асырап алады. Өмірге келген жылына қарай оны "Мың тоғыз жүзінші", "Жиырмасыншы ғасыр" деп атап кетеді.
Ол керемет пианист болып қалыптасады да, кемедегі жолаушылардың сүйіктісіне айналады. Сол кездің атақты пианисті Джелли Ролл Мортон кемеге мұны арнайы іздеп келіп, пианинода ойнаудан дуэльге түседі. "Мың тоғыз жүзінші" оны жеңіп кетеді де абыройы асқақтай түседі.
Рөлдерде
Тим Рот — Новеченто (Дэнни Будмен Т. Д. Лемон 1900) Прюитт Тейлор Винс — Макс Туни Мелани Тьерри — бейтаныс қыз Билл Нанн — Денни Будман Кларенс Уильямс — Джелли Ролл Мортон Питер Вон — Попс, дүкеннің қожайыны Найел О'Брайан — айлақтағы ұста, шебер Гэбриел Лавиа — фермер Вернон Нэрс — Фриц Херманн, топ жетекшісі Кори Бак — бала 1900 Харри Дитсон — капитан
Түсірілім тобы
Сценариін жазғандар: Джузеппе Торнаторе Алессандро Барикко Режиссёр: Джузеппе Торнаторе Оператор: Лайош Кольтаи Композитор: Эннио Морриконе продюсерлер: Марко Хименц Лаура Фаттори Франческо Торнаторе
Жетістіктері
Марапаттары
1999 — «Давид ди Донателло» сыйлығы Үздік операторлық жұмыс — Лайош Кольтаи Үздік костюм дизайны — Маурицио Милленотти Үздік режиссерлік жұмыс — Джузеппе Торнаторе Үздік музыка — Эннио Морриконе Үздік дизайн — Франческо Фригери 1999 — «Еуропа киноакадемиясы» сыйлығы Үздік операторлық жұмыс — Лайош Кольтаи 2000 — «Алтын глобус» жүлдесі Фильмге жазылған үздік әуен — Эннио Морриконе
Номинация
1999 — «Давид ди Донателло» жүлдесі Үздік фильм Үздік сценарий — Джузеппе Торнаторе
Сілтемелер «Пианист туралы аңыз» (англ.) Internet Movie Database сайтында
Санат:Джузеппе Торнаторенің фильмдері Санат:1998 жылғы фильмдер Санат:Италия драма фильмдері