Луиз Фелипе СколариБұл бапкердің есімі түрліше жазылады, мәселен Луис, Луиш, Луиз. 2008 жылы Өзбекстан журналистеріне берген сұхбатында өзі есімінің "z" әрпімен аяқталатынын ескерткен (; 9 қараша 1948) — бразилиялық футболшы, бапкер. Бапкер ретінде 2002 жылы әлем чемпионы (Бразилия құрамасымен), 2004 жылы Еуропаның күміс жүлдегері атанды (Португалия құрамасымен).

Бапкер болған жылдары Бразилия бапкері Бразилия мен Португалиядан бөлек 1990 жылы Кувейт құрамасының бапкері қызметін атқарды. Ең табысты жылдары ретінде Португалия мен Бразилияны баптаған кезін айтуға болады. 2002 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуі өтіп жатқан кезеңде, яғни 2001 жылы құрама тізгінін қолына алды. Құраманың сүреңсіз ойынын бір ізге түсіріп, әлем біріншілігіне жолдама алды. Әлем чемпионатында құрама барлық ойында жеңіске жетіп, бесінші рет әлем чемпионы атанды. Бірақ чемпионаттан кейін көп ұзамай бұл қызметтен кетті.

Португалия бапкері 2003 жылы Португалия құрамасының бапкері боп сайланды. Оған 2004 жылы Еуропа чемпионы атану міндеті тапсырылды, Егер Грекия құрамасы сенсация жасамағанда бұл мақсат орындалар еді. Алайда финалға дейін жеткен португалдықтар гректерден 0:1 есебімен ұтылды да, күміс жүлдені қанағат тұтты.

2006 жылғы әлем чемпионатында құрама жартылай финалға дейін жетіп, Франциядан 0:1 есебімен жеңілді. Үшінші орын үшін матчта да Германиядан 1:3 есеімен ұтылды. Төртінші орында қалғанына қарамастан, Сколари Португалия құрамасының бапкерлігінен босатылмады. 2008 жылы Еуропа чемпионатында Португалия ширек финалда Германиядан ұтылды да, осы матчтан соң Сколари қызметінен босады.

Бразилия бапкері 2008-12 жылдары Сколари Англияның "Челси", Өзбекстанның "Бунедкор", Бразилияның "Палмейрас" клубтарының тізгінін ұстады. 2012 жылы қайтадан Бразилия құрамасына бапкер болды да, команданы 2014 жылғы әлем біріншілігіне дайындады. Әлем чемпионатында Бразилия өз тобында бірінші орын алды да, 1/8 финалда Чилиді пенальтилер сериясы арқылы ғана сүріндірді. Ширек финалда тағы бір көршісі — Колумбияны бір доп айырмашылығымен ғана ұтты. Бәрібір Бразилияның сүреңсіз ойынын жартылай финалда сыр берді: құрама бұрын-соңды әлем чемпионатында ұшырамаған ірі жеңіліске тап болды: Германия бұларды 7:1 есебімен ойсыратты. Үшінші орын үшін болған ойынының қасіреті одан кем болған жоқ, Нидерландтан 0:3 есебімен тізе бүкті.

Чемпионаттан соң Сколари құрама бапкерлігінен кетті.

Жетістіктері Командалық «ССА»

Алагоас штатының чемпионы (1): 1982

«Аль-Кадисия»

Кувейт әмірінің кубогы (1): 1989

«Крисиума»

Бразилия кубогы (1): 1991

«Гремио»

A сериясының чемпионы (1): 1996 Гаушу Лигасы (3): 1987, 1995, 1996 Бразилия кубогы (1): 1994 Либертадорес кубогы (1): 1995 Рекопа кубогы (1): 1996

«Палмейрас»

A сериясының чемпионы (1): 2018 Бразилия кубогы (2): 1998, 2012 Меркосур кубогы (1): 1998 Обладатель Кубка Либертадорес кубогы (1): 1999 Рио-Сан-Паулу турнирі (1): 2000

«Крузейро»

Сул-Минас кубогы (1): 2001

«Бунёдкор»

Өзбекстан чемпионы (1): 2009

«Гуанчжоу Эвергранд»

Қытай чемпионы 2015, 2016,2017

Бразилия құрамасы

Әлпем чемпионы (1): 2002 Конфедерациялар кубогы (1): 2013

Португалия құрамасы

Еуропаның күміс жүлдегері: 2004

Жеке

Оңт. Америкадағы жыл бапкері (2): 1999, 2002 ФИФА-ның жыл бапкері: 2002

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Кувейт Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Гремио ФК жаттықтырушылары Санат:Челси ФК жаттықтырушылары Санат:Бунедкор ФК жаттықтырушылары Санат:Крузейро ФК жаттықтырушылары Санат:Палмейрас ФК жаттықтырушылары Санат:Гуанчжоу Эвергранд ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Кадисия Кувейт ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Шабаб Эр-Рияд ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Ахли Жидда ФК жаттықтырушылары Санат:Джубило Ивата ФК жаттықтырушылары