Адеринсола Хабиб Эсеола (укр. Адерінсола Хабіб Есеола; 28 маусым 1991, Житомир, Украин ССР, КСРО) — украин футболшысы, шабуылшыhttps://www.ua-football.com/ukrainian/transfers/1528304276-aderinsola-yeseola-igrok-kayrata.html.
Карьерасы
2009-18 жылдар Украина футболының түлегі. 2009 жылы Киевтің ЦСКА клубында бір жыл ойнады да, "Динамоға" ауысты. Бірақ "Динамо" сапында бір рет те ресми ойында алаңға шықпай, 2010 жылы Италияға кетті. 2010-13 жылдар аралығында Италияның Д сериясындағы клубтарда ойнады.
Карьерасында ешқандай клубта бір жылдан артық тұрақтаған емес. 2013 жылы Украинаға оралды да, жарты жылдай клубсыз бос жүрді. 2014 жылы қаңтар айында өзінің туған клубы "Арсенал-Киевке" қосылды. 2014-18 жылдары Украинаның төменгі лигаларындағы бірнеше клубта доп тепті. 2018 жылы қаңтарда "Заря" (Кропивницкий) сапында ойнап жүріп, Қазақстанға, "Ақжайық" клубына жалға берілді.
Қайрат ( Алматы) "Ақжайықта" жарты жылдай ойнап, 2018 жылы жазда Алматының "Қайратымен" келісім-шартқа отырды. "Қайрат" сапындағы алғашқы ойынында-ақ "Ертістің" қақпасына гол соқты.
"Қайрат" 2018/19 жылғы Еуропа Лигасының алғашқы кезеңінде Андорраның "Энгордань" клубымен кездесті де, Алматыда өткен қарымта ойында (7:1) Эсеола гол соқты. Екінші кезеңде қайраттықтар Нидерландының АЗ Алкмаар командасымен ойнап, бірінші ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Эсеола екі доп соқты да, "Қайрат" 2:0 есебімен жеңіске жетті. 2021 жылы 1 шілдеде "Ворсклаға" ауысты.
Жетістіктері
Жеке Арсенал (Киев)
Олег Макаровты еске алуға арналған турнирдің үздік мергені: 2015
Клубтық Қайрат
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2018, 2019 Қазақстан кубогы: 2018 Қазақстан чемпионы: 2020
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Украина футболшылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Ақжайық ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Арсенал Киев ФК ойыншылары Санат:Десна ФК ойыншылары Санат:Александрия ФК ойыншылары Санат:Ворскла ФК ойыншылары