Сулейман Али Мунтари (; 27 тамыз 1984, Кононго, Гана) — ганалық футболшы, жартылай қорғаушы.
Мансабы Гана Ұлттық футбол құрамасында 2014 жылға дейін ойнады. 2014 жылы Гана құрамасының басшылық комитетінің бір мүшесін соққығы жығып, құрамадан қуылды. Содан соң Мунтари ешқашан құрамада ойнамайтынын айтып уәде берді.
Италияның "Интер" сапында ойнап жүріп, клубтық деңгейдегі біраз табысқа қол жеткізді, атап айтқанда, судетто, Италия кубогы, Чемпиондар лигасы. 2011 жылы "Сандерлендке" жалға берілді. Бір жылдан соң "Интерге" қайта оралғанымен, команда басшылары "Миланға" сатып жіберді.
"Милан" сапында үш жылдай ойнап, Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" клубымен шарт жасасты. 2017 жылы Италияға қайта оралып, "Пескара" сапын толықтырды.
2018 жылы "Депортивоның" футболшысы атанды.
2019 жылы "Альбасетеге" ауысты.
Жетістіктері
Клубтық
Портсмут
Англия кубогы: 2008
Интернационале
Италия чемпионы: 2008/09, 2009/10 Италия кубогы: 2009/10 Италия суперкубогы: 2008, 2010 Чемпиондар Лигасы: 2009/10
Халықаралық
Гана құрамасы
Африка ұлттары кубогының қола жүлдегері: 2008
Мунтари қатысқан ірі турнирлер
Африка Ұлттарының кубогы: 2008, 2012 Әлем чемпионаты: 2006, 2010, 2014
Сілтемелер Профиль Профиль Профиль
Санат:Гана футболшылары Санат:Гана Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Портсмут ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Әл-Иттихад Жидда ФК ойыншылары Санат:Пескара ФК ойыншылары Санат:Депортиво Ла-Корунья ФК ойыншылары Санат:Альбасете ФК ойыншылары