Айтуар – Байқоңыр алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді.

Бастауы Дүйсенбек (486 м) тауының солтүстік беткейлеріндегі бұлақтардың қосылуынан түзіледі. Ащылы өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 25 км. Өзен жағасы жарқабақты. Көктемгі қар суы және жер асты суларымен толығады. Сәуірде суы тасып, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабы жайылымдыққа, суы ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия/ Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы