Рио Гэвин Фердинанд (; 7 қараша 1978 жыл, Лондон, Англия) — ағылшын футболшысы, қорғаушы. "Манчестер Юнайтедтің" экс-футболшысы және экс-капитаны. Он екі маусым бойы аталмыш команданың қорғаныс шебінде ойнаған. 312 кездесу алаңға шықты.

2015 жылы "Куинз Парк Рейнджерс" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Футболшы жайлы фактілер

Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1997 жылы 15 қараша күні Камерунға қарсы өткізді де, құрама тарихындағы алаңға шыққан ең жас қорғаушы болды (сол күні 19 жас 8 күн). Ұлттық құрама сапында үш доп соқты (2002 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Дания қақпасына, ЕУРО-2008 іріктеуінде сырт алаңда Ресей қақпасына, ӘЧ-2010 іріктеуінде Алматыда Қазақстан қақпасына). 2010 жылы құрама капитаны болды, бірақ жарақаттың кесірінен сол жылғы әлем чемпионатына бара алмады. 2013 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады. 2003 жылғы допинг-тестен соң сегіз айға футболдан шеттетілді. Соның салдарынан 2004 жылғы Еуропа чемпионатына бара алмады.

Қатысқан турнирлері

1998 - Әлем чемпионаты 2002 - Әлем чемпионаты 2006 - Әлем чемпионаты

Жетістіктері

Командалық Манчестер Юнайтед

Англия чемпионы (6): 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13 Лига кубогы (2): 2005/06, 2008/09 Англия суперкубогы (4): 2003, 2007, 2008, 2011 Чемпиондар Лигасы: 2007/08 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2008

Жеке

«Вест Хэм Юнайтедтің» жыл ойыншысы: 1998 Премьер-лиганың үздік ойыншысы: қазан 2001

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі Статистикасы Профилі Сайты

Санат:Англия футболшылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Борнмут ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Лидс Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Куинз Парк Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары