Дүйсеке – Амантау тауының солтүстік сілеміндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының батысында, Ақтасты өзенінің солтүстік жағасында, Шошқакөлдің солтүстігінде 25 – 27 км жерде.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 518 м, ұзындығы мен ені 4 км шамасында. Шығыс беткейінде бұлақ көздері бар.
Геологиялық құрылымы Девон гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Сазды, сортаңды топырағында қара жусан мен бұйырғын өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары