Берт ван Марвейк (; 19 мамыр 1952 жыл, Девентер) — нидерланд футболшысы, бапкер.

Мансабы Карьерасында Нидерланд, Сауд Арабиясы, Аустралия құрамаларының, "Фейеноорд", "Боруссия Дортмунд" секілді белді клубтардың жаттықтырушысы болды. 2010 жылғы әлем чемпионатында ол баптаған Нидерланд құрамасы финалға шығып, Испаниядан 0:1 есебімен ұтылып қалды. 2002 жылы "Фейеноордты" жаттықтырып жүріп УЕФА кубогына қол жеткізді.

Футболшылық ғұмырында Нидерланд сапында бір ғана ойында алаңға шықты (1975 жылы 30 мамырда Югославияға қарсы)

Жетістіктері

Ойыншы ретінде: АЗ`67

Нидерланд кубогы: 1978

МВВ Мастрихт

Нидерланд ІІ дивизионының жеңімпазы: 1984

Бапкер ретінде Фейеноорд

УЕФА кубогы: 2002 Нидерланд кубогы: 2008

Нидерланд құрамасы

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2010 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:АЗ Алкмаар ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК жаттықтырушылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК жаттықтырушылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Гамбург ФК жаттықтырушылары Санат:Сауд Арабиясы Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Аустралия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:БАӘ Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары