Флоран Жоан Малуда (; 13 маусым 1980, Кайенна) — франциялық футболшы, жартылай қорғаушы. Франция құрамасында ойнаған.

Мансабы 2006 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Одан бөлек 2010 жылы әлем чемпионатына да қатысты (бұл турнирде құраманың жалғыз голын Оңтүстік Африка қақпасына Малуда соқты), 2008, 2012 жылдары Еуропа чемпионатына қатысқан.

Францияның "Лион" командасында ойнап жүріп 2004 жылы Ұлттық құрамаға шақырылды. Кейін ұзақ жылдар "Челси" клубында доп тепті.

2013 жылы "Трабзонспорға" ауысты, бір жылдан соң Францияға қайта оралып, "Мец" клубына ауысты.

2017 жылы Француз Гвианасы құрамасында ойнап, КОНКАКАФ Алтын кубогы-2017 тунриріне қатысты. Бұл турнирге франциялық Гвиана бірінші рет қатысса да, қола жүлдегер атанып сенсация жасады.

Жетістіктері

Командалық «Лион»

Франция чемпионы (4): 2003/04, 2004/05, 2005/06, 2006/07 Франция суперкубогы (3): 2003, 2004, 2005

«Челси»

Англия чемпионы (1): 2009/10 Англия кубогы (3): 2009, 2010, 2012 Чемпиондар Лигасы (1): 2012 Еуропа Лигасы (1): 2013 Англия суперкубогы (1): 2009

Ұлттық құрама

2006 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Жеке

Англияның үздік футболшысы (1): Наурыз, 2010

Қатысқан турнирлері Франция құрамасы

Әлем чемпионаттары: 2006, 2010 Еуропа чемпионаттары: 2008, 2012

Француз Гвианасы құрамасы

КОНКАКАФ Алтын кубогы: 2017

Санат:Франция футболшылары Санат:Француз Гвианасы футболшылары Санат:Генгам ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Трабзонспор ФК ойыншылары Санат:Мец ФК ойыншылары Санат:Француз Гвианасы Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дифферданж ФК ойыншылары