Адриен Себастьян Перрушет Силва (; 15 наурыз 1989 жыл, Ангулем, Франция) — португалиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2016 жылғы Еуропа чемпионы. Карьерасы Әкесі португалдық, анасы французhttp://www.olheiros.net/artigo/ler/216 . Францияның "Бордо" клубының футбол мектебінде тәрбиеленген. 2000 жылы Португалияға өтті де, "Спортинг" футбол клубының мектебінде футболмен айналыса бастады.

2007 жылы "Спортингпен" келісім шарт жасасты. 2017 жылғы қыркүйекке дейін "Спортингтің" футболшысы атанды, тек 2010 жылы Израильдің "Маккаби", 2011 жылы "Академика" клубтарына жалға берілді.

2017 жылдың 31 тамызы күні "Лестер Сити" сапына қосылды, бірақ англиялық клуб келісім шартты бекітіп үлгере алмай қалды (сол күні жазғы трансферлер маусымы бітті). Солайша Силва 2018 жылдың қаңтарына дейін "Лестердің" футболшысы атана алмады.

"Лестер Ситидегі" алғашқы ойынын 2018 жылы 1 қаңтар күні өткізді.

Жетістіктері

Командалық «Спортинг»

Португалия кубогы — 2007/2008, 2014/2015 Обладатель Суперкубка Португалия суперкубогы — 2007, 2008, 2015

«Маккаби» Хайфа

Израиль чемпионы — 2010/2011

«Академика»

Португалия кубогы — 2011/2012

Халықаралық Португалия

Еуропа чемпионы — 2016 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері

Қатысқан турнирлері

Әлем чемпионаты: 2014, 2018 Еуропа чемпионаты: 2016 Конфедерациялар кубогы: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Португалия футболшылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Маккаби Хайфа ФК Санат:Лестер Сити ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары