Сами Туомас Хююпя (; 7 қазан 1973 жыл, Порвоо, Финляндия) — фин футболшысы, қорғаушы. Финляндия Ұлттық құрамасының экс-ойыншысы. Финляндияның тоғыз дүркін үздік футболшысы.
Карьерасы Финляндияның "ПаПе" клубының түлегі. Кейін "Куму", "МюПа-47" клубтарында біраз ойнап, Нидерландының "Виллем" клубына ауысты. Футболшылық ғұмырындағы басты жетістіктеріне "Ливерпуль" сапында ойнап жүргенде қол жеткізді. 2001 жылы "Ливерпуль" бес бірдей кубокты (Англия кубогы, Лига кубогы, Англия суперкубогы, УЕФА кубогы, УЕФА суперкубогы) иеленгенде Хююпя негізгі құрамнан берік орын алған еді.
Хююпя мерсисайдтық клуб сапында 10 маусым тұрақты ойнап, 2009 жылы мамыр айының соңында Германияның "Байер" клубына ауысты. Бір маусым үнемі негізгі құрамда ойнады да, клубқа даниялық Даниэль Аггер келген соң алаңға сирек шығатын болды.
Солайша 2011 жылы клубпен келісім шартты ұзатпай, карьерасын толық аяқтады.
Футболды аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты.
Жетістіктері
МюПа
Финляндия кубогы (2): 1992, 1995
Ливерпуль
Лига кубогы (2): 2001, 2003 Англия кубогы (2): 2001, 2006 УЕФА кубогы: 2001 Англия суперкубогы (2): 2001, 2006 УЕФА кубогы (2): 2001, 2005 Чемпиондар Лигасы: 2005
Жеке
Финляндияның үздік футбошшысы (9): 1999, 2001, 2002, 2003, 2005, 2006, 2008, 2009, 2010 Финлияндияның үздік спортшысы: 2001
Сілтемелер Профилі Сами Хююпяя жайлы 10 дәйек (2009) Профилі, статистикасы Профилі Профилі, статистикасы Профилі
Санат:Финляндия футболшылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Финляндия футбол жаттықтырушылары Санат:Байер 04 ФК жаттықтырушылары Санат:Цюрих ФК жаттықтырушылары Санат:Финляндия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары