Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу турниріне 147 елдің құрамасы қатысып, 22 жолдаманы сарапқа салды. Германия әлем чемпионы ретінде, АҚШ ұйымдастырушы ретінде тікелей жолдама алды. Жолдамалардың бөлінуі Еуропа: 13 орын, бір жолдама Германияға тиесілі болды да, қалған 12 орын үшін 38 елдің құрамасы сынға түсті (Израильді қосқанда). Оңтүстік Америка: Тоғыз елдің құрамасы 3,5 жолдаманы сарапқа салды, төқртінші құрама КОНКАКАФ пен ОФК арасындағы плей-офф жеңімпазымен сынға түсті. Солтүстік Америка: 22 мемлекеттің құрамасы 2,25 жолдама үшін таласты. Оның біреуі АҚШ-қа тиесілі болды. Үшінші команда ОФК жеңімпазымен КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК/КОНМЕБОЛ плей-офына шығу үшін күресті. Африка: 40 мемлекеттің құрамасы 3 жолдаманы сарапқа салды. Азия: 30 мемлекет 2 жолдаманы сарапқа салды. Мұхиттық аралдар: Жеті құрама 0;25 жолдаманы сарапқа салды. Жеңімпаз КОНКАКАФ-тың үшінші командасымен КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК плей-офына шығу үшін күресті. Еуропа

1 топтан —  Италия мен  Швейцария жолдама алды. 2 топтан —  Норвегия мен  Нидерланд жолдама алды. 3 топтан —  Испания мен  Ирландия жолдама алды. 4 топтан —  Румыния мен  Бельгия жолдама алды. 5 топтан —  Грекия мен  Ресей жолдама алды. 6 топтан —  Швеция мен  Болгария жолдама алды.

Оңтүстік Америка

1 топтан — Колумбия жолдама алды. Аргентина КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК плей-офына шықты. 2 топтан — Бразилия мен Боливия жолдама алды.

Солтүстік Америка

Мексика жолдама алды. Канада КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК плей-офына шықты.

Африка

1 топтан — Нигерия жолдама алды. 2 топтан — Марокко жолдама алды. 3 топтан — Камерун жолдама алды.

Азия

Сауд Арабиясы мен Корея жолдама алды.

Мұхиттық аралдар Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігі (іріктеу турнирі, ОФК) Аустралия КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК плей-офына шықты.

Құрлықаралық плей-офф КОНКАКАФ/ОФК

Аустралия шешуші кезеңге шықты. КОНМЕБОЛ/КОНКАКАФ/ОФК

Аргентина әлем чемпионатына жолдама алды.

Санат:Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігі