Юрий Вячеславович Найдовский (10 сәуір 1963, Шевченко) — КСРО және Қазақстан футболшысы, шабуылшы. 1992 жылы Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында екі ойын өткізді.
Карьерасы Алматы футболының түлегі. 1980 жылы карьерасын КСРО чемпионатының екінші лигасындағы сегізінші аймақта ойнайтын Алматының СКИФ клубында бастады. 1983 жылы "Қайрат" құрамына қабылданды.
1989 жылы "Қайрат" командасының маусымдағы үздік мергені атанды. КСРО чемпионатының бірінші лигасында 12 гол соқты. 1990 жылы бір маусым Запорожьенің "Металлургінде" ойнап, келесі жылы "Қайратқа" қайта оралды. 1992 жылы "Қайрат" сапында Қазақстан чемпионы және Қазақстан кубогы иегері атанды.
1992 жылы 1 маусымда Қазақстан құрамасы өз тарихындағы тұңғыш ойынын Алматыда Түркіменияға қарсы өткізді. Найдовский 61-минутта алаңға тыңнан қосылды. Келесі кездесуін сол жылы 16 шілдеде Өзбекстанға қарсы ойында өткізді. Бұдан соң Найдовский құрамаға шақырылған жоқ.
Карьерасының соңғы жылдарында "Торпедо" (Вольжский) клубында өткізді. 1996 жылы "Қайрат" сапына қайта келіп, сол жылы футбол ойнауды доғарды.
Жетістіктері
Қазақстан чемпионы: 1992 Қазақстан кубогы: 1992
Ойнаған клубтары
Карьерасы Ч-тІзбасарларКубокХалыаралықБасқа да1980СКИФ АлматыВ70 - - - - - - - -1981СКИФ АлматыВ334 - - - - - - - -1982СКИФ АлматыВ235 - - - - - - - -1982ҚайратА - - - - - - - -1983СКИФ Алматы В101983ҚайратБ90 - - - -1984ҚайратА3028910 - - - -1985ҚайратА104 - - - - - -1986ҚайратА105 - - - - - -1987ҚайратА100920 - -421988ҚайратА161530 - -521989ҚайратБ3812 - -40 - - - -1990«Металлург» Запорожье Б221 - - - - - - - -1991ҚайратБ345 - - - - - -1992ҚайратА3012531993ҚайратА294 - -1994«Торпедо» Волжский В276 - -53 - - - -1995«Торпедо» Волжский Б363 - -10 - - - -1996ҚайратА21110
Сілтемелер Профилі (footballfacts.ru)
Санат:10 сәуірде туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары