Шот-фактураОрысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 — бастапқы бухгалтерлік есептің қосымша ресми есеп-бақылау құжаты. Мазмұны жағынан Шот-фактура несиегер борышқордың атына ресімдейтін, олардың арасындағы шарт қатынастарының болғандығын және борышқордың ақшалай міндеттемелері сомасын куәландыратын, сондай-ақ тиісті шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен салық бақылауы үшін қажетті ақпараттар тұратын шот болып табылады. Шот-фактура қосылған құн салығын төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады, салық органдары осы құжаттың негізінде салықтың бюджетке дұрыс және толық төленгенін бақылайды. Шот-фактураның толтырылмағаны және пайдаланылмағаны үшін жауапкершілік салық заңнамасымен реттеледі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Сілтемелер

Тағы қараңыз Жүкқұжат Смета

Санат:Бухгалтерлік есеп Санат:Қаржы

it:Fattura (documento) sk:Faktúra