Гамлет Апетнакович Мхитарян (; 14 қыркүйек 1962, Ереван, Армян КСР, КСРО — 6 мамыр 1996, Ереван, Армения) — КСРО және Армения футболшысы, шабуылшы. Футболшы Генрих Мхитарянның әкесі.

Карьерасы Карьерасында "Арарат", "Котайк", "Валанс" (Франция), "Арарат" (Франция) клубтарында ойнады. 1980-87 жылдары "Арарат" сапында шабуыл шебінде ойнап, 1984 жылғы маусымда КСРО чемпионатының жоғары тобында 18 гол соқты да, "Советский воин" журналы оны "Шабуыл рыцары" атты жаңа жүлдемен марапаттады.

1988 жылы бірінші лигада ойнап жүрген "Котайк" сапына ауысты. 1989 жылы КСРО футболшыларына шетелдік клубтармен келісім шарт жасасуына жол ашылды да, Францияға кетті.

1995 жылы миында ісік пайда болып, футболмен қоштасуына тура келді. Бір жылда үш рет ота жасатқанымен көмектескен жоқ, 1996 жылы мамыр айында өмірден өтті.

Мхитарян 1994 жылы Армения Ұлттық құрамасы сапында екі кездесу өткізді.

Жетістіктері

Жеке

КСРО чемпионатындағы "Шабуыл рыцары" жүлдесінің иегері: 1984

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:14 қыркүйекте туғандар Санат:6 мамырда қайтыс болғандар Санат:Армения футболшылары Санат:Армения Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:КСРО футболшылары Санат:Арарат ФК ойыншылары