Эммануэль Санон (; 25 маусым 1951 жыл, Порт-о-Пренс — 21 ақпан, 2008 жыл, Орландо (Флорида), АҚШ) — гаитилік футболшы, шабуылшы. Гаити Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Кейін Гаити құрамасының жаттықтырушысы болды.
Өмірбаяны Санон туған еліндегі "Дон Боско" клубының түлегі. 1974 жылғы әлем біріншілігінен кейін еуропалық клубтардың көзіне түсіп, Еуропаға келіп, Бельгияның "Жерминаль" клубында алты жылдай ойнады. Карьерасының соңғы жылдарын АҚШ кәсіп лигасының клубтарында өткізді.
1974 жылы Гаити құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды да, Италия, Польша, Аргентина құрамаларымен бір топқа түсіп, үш ойында да ұтылды. Үш ойында соғылған екі голдың да авторы — Санон. Осылайша Санон өзінің есімін Гаити құрамасының тарихына ойып жазды.
1999-2000 жылдары Гаити құрамасының бапкері болды, бірақ айтарлықтай жетістікке жете алмады.
2008 жылы Орландода асқазан ісігінен ауырып қайтыс болды. Оның құрметіне туған клубы №10 футболканы мәңгілік ешкімге кигізбеуге шешім қабылдады.
Сілтемелер
NASL stats FIFA: Remembering Manno FIFA Player Profile
Санат:25 маусымда туғандар Санат:21 ақпанда қайтыс болғандар Санат:Гаити футболшылары Санат:Гаити Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гаити футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары Санат:Дон Боско ФК ойыншылары Санат:Беерсхот ФК ойыншылары Санат:Гаити Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары