Урмас Рооба (; 8 шілде 1978, Каарука, Роосна-Аллику, Ярвамаа) — эстон футболшысы, қорғаушы. Эстонияның футболшы Меелис Робаның туған інісі. Эстония және Данияның ("Копенгаген" сапында) чемпионы атанған. 1996-2008 жылдар аралығында Эстония құрама командасының сапында ойнап, бірнеше ірі турнирдің іріктеулеріне қатысты.

Футболшы жайлы фактілер

Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 1996 жылы 7 шілдеде Латвияға қарсы өткізді. Осы кездесуде-ақ тұңғыш голын соқты. Дебют ойынында-ақ гол соқққан Эстония құрамасы тарихындағы үш футболшының бірі. Бір қызығы — бұл ойында бауыры Меелис Рооба да құрама сапында бірінші рет алаңға шықты. Құрама сапында 70 ойын өткізіп, бір кездесуде капитан ретінде алаңға шықты. Карьерасында Эстония, Дания клубтарында ойнаған. 2000-07 жылдар аралығында үзіліссіз дат командаларында доп теуіп, 2007 жылы Финляндия чемпионатында бақ сынады да, 2009 жылы Эстонияға қайта оралды. Карьерасының кейінгі бөліктерін әуесқой командалар сапында өткізді.

Жетістіктері

Эстония чемпионы (2): 1997/98, 1998 Эстония чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1996/97, 2000 Эстония чемпионатының қола жүлдегері (2): 1995/96, 1999 Дания чемпионы (3): 2002/03, 2003/04, 2005/06 Дания чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2004/05 Дания чемпионатының қола жүлдегері (1): 2001/02 Финляндия чемпионатының қола жүлдегері (1): 2007

Сілтемелер Профилі Биография

Санат:8 шілдеде туғандар Санат:Эстония футболшылары Санат:Эстония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Флора ФК ойыншылары Санат:Лелле ФК ойыншылары Санат:Мидтьюланд ФК ойыншылары Санат:Копенгаген 1992 ФК ойыншылары Санат:Пайде ФК ойыншылары