Оңтүстік аралы (ағыл. South Island, маори Te Wai-pounamu — Те-Ваи-Поунаму, 1840 жылы сондай-ақ Жаңа Манстер) — Жаңа Зеландиядағы ең үлкен арал (екінші үлкен - Солтүстік аралы).
Географиясы Аралдың аумағы 150,437 км², әлемде 12-ші ең үлкен арал.
Кук бұғазы - Оңтүстікті Солтүстік аралдан бөліп жатқан бұғаз. Батыс жағалауы бойында Оңтүстік Альптың таулар тізбегі созылған. Жаңа Зеландияның ең биік нүктесі (3.754 м) қармен жабылған Кук тауы. Бұл аралдың 18 шыңы - 3000 метрден асады. Тауларда 360 мұздық бар; олардың ішіндегі ең үлкені - Тасман, Франц-Иосиф және Фокс. Плейстоцендік мұзды дәуірде мұздықтар үлкен қалыңдығына ие болған және шығыс жағалауындағы Кентербери жазығына бірнеше рет түсіп, оңтүстіктегі қазіргі Отаго провинциясының үлкен бөлігін басып жататын. Бұл аудандар U-тәрізді терең өрістермен ерекшеленеді, қатты бедерлі және суық созылған көлдер - Те-Анау, Манапоури, Уакатипу және Хавеа. Жаңа Зеландиядағы ең жоғары сарқырамалардың бірі - Сатерленд (580 м).
Аралда попугай кеа (Nestor notabilis) сияқты эндемикалық түрлердің ареалдары орналасқан.
thumb|left|200px|Оңтүстік аралдағы темір жолдың картасы
Тұрғындар 2010 жылғы мәліметтерге сәйкес, аралда 1 038 600 адам тұрды, бұл Жаңа Зеландияның жалпы халқының шамамен 24%-ын құрайды. Ең ірі қалалар - Крайстчерч, Данидин.
Сілтеме Жаңа Зеландияның атласы
Санат:Аустралия және Океания аралдары