Шорманов Ербол Әлімқұлұлы (1968 жыл 20 тамыз, Қазақ КСР, Алма-Ата) - 2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы, 2009 - 2015 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Өмірбаяны

1968 жылы 20 тамызда Алматы қаласында, Қазақ КСР-да дүниеге келген.

1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақстан Республикасының кеден органдарында бастады.

1991 жылдан бастап 2005 жылға дейін – Қазақстан Республикасының кеден органдарында бірқатар басшылық қызметтерді атқарды.

2005 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін – Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2008 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың ақпан айына дейін – Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2009 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың тамыз айына дейін – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

2015 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың қаңтарына дейін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

2018 жылдың 8 қаңтарынан – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы.

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2011ж.)

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016ж.)

«Парасат» ордені (2017ж.)

Әскери қызметі, әскери және арнаулы атақтары, атақтары

1986 жылдан 1988 жылға дейін – Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, сержант атағы берілген.

Ескертулер