Көне парсы тілі - куәландыратын жазбаша екі ескі ежелгі иран тілдерінің (екіншісі - діни авесталық тіл) бірі. Онда монументалды жазулар, балшықты тақталарындағы бюрократиялық құжаттар, Ахеменид дәуірінің мөрлері (б.з.д. шам. 600-300) ұсынылған. Ежелгі парсы жазуларының үлгілері заманауи Иран, Ирак, Түркия және Мысыр аумағында табылған.
thumb|right|290px|Үш тілдегі Ксеркстің жазуы
Жіктеме Ежелгі парсы тілі ежелгі иран тілдеріне жатады, олар оңтүстік-батыс кіші тобына кіретін иран тілдеріне жатады. Ежелгі парсы тілі үндіеуропалық отбасының үндіиран тармағына жатады. Авесталық тіл оңтүстік-батыс иран тілдеріне жатпайды.
thumb|left|250px|Adam Kuruš… (Мен — Кир…). Пасаргады.
Жазуы
Ежелгі парсы мәтіндері б.з.д. VI—IV ғасырларға жатады. Олар сына түрінде жазылған, мүмкін, Дарийдің кезінде оның істерін жазу мақсатында ойлап табылған. Кир, Аршам және Арьяраманың мәтіндерін жазу уақыты әлі дәл анықталмады. Бұл одан кейінгі жазба болуы мүмкін. Бірнеше белгілер ғана шумерлік мен аккадтыққа ұқсас. Сына жазуларында дауыстыларды белгілеу үшін 3 таңба бар: <a, i, u>, 33 дауыссыздар <CV>, 8 идеограмма немесе логограмма деп аталатын, яғни бүкіл сөзді (саулық түсініктер) білдіретін белгілер. Сонымен қатар, сандар мен бөлгіш белгілерді белгілейтін белгілер бар. Хат - буын жүйелі болып келеді. Консонанттық белгілер дауыссыз және дауысты дыбыстарының тіркесін білдіреді <CV>. Небәрі, 4 <Ci> және 7 Cu> белгілері бар, қалғандары - <Ca>.
Лингвистикалық сипаттамасы Фонетика мен фонологиясы Фонологиялық жүйе жанама-этимологиялық әдіспен анықталады. Дауыстының жүйесі ұзақтылығы үш жұп монофтондармен және екі жұп дифтондармен ұсынылған. r буын нұсқасы дыбыстық жүйесіне жатады.
Дауыстылар Бастапқа кезеңі:
Қысқа: Созылыңқы: Дифтонгтар: r
Соңғы кезеңі (патшалардың манифесін жазу уақыты):
a ā i ē āi ī u ô āu ū
Дауыссыздар
Еріндік дауыссыздар Тіс / Альвеола Жіңішке Тіларты Жұтқыншақты Шұғыл p b t d c j k g Мұрын жолды m n Сүзілмелі f θ ç x h Ызың s z š Ротациралы r Жанама l Жартылай дауысты v y l дауыссыздар тек екі кірме меншікті аттарда кездеседі: haldita (адамның аты) және dubāla (Вавилондағы аймақ).
Морфологиясы Зат есім Көне парсының тамырлары: Әрқайсысында морфологиялық көрсеткіштер болған 3 тек (аталық, аналық және орта) болды. Сөйлемнің түріне қарай, зат есімдерді -a, -ā, -i, -ī, -u, -ū, -au және дауыссыздар (олардың ішінде -аr арасында бөлек ажырата алатын) ерекшеленеді.
-a -am -ā Жек. Екі ж. Көпше Жек. Екі ж. Көпше Жек. Екі ж. Көпше Атау -a -ā -ā, -āha -am -ā -ā -ā -ā -ā Атау (вокатив) -ā -ā -ā -am -ā -ā -ā -ā -ā Табыс -am -ā -ā -am -ā -ā -ām -ā -ā Көмектес -ā -aibiyā -aibiš -ā -aibiyā -aibiš -āyā -ābiyā -ābiš Барыс -ahyā, -ahya -aibiyā -aibiš -ahyā, -ahya -aibiyā -aibiš -āyā -ābiyā -ābiš Шығыс -ā -aibiyā -aibiš -ā -aibiyā -aibiš -āyā -ābiyā -ābiš Ілік -ahyā, -ahya -āyā -ānām -ahyā, -ahya -āyā -ānām -āyā -āyā -ānām Жатыс -aiy -āyā -aišuvā -aiy -āyā -aišuvā -āyā -āyā -āšuvā
-iš -iy -uš -uv Жек. Екі ж. Көпше Жек. Екі ж. Көпше Жек. Екі ж. Көпше Атау -iš -īy -iya -iy -in -īn -uš -ūv -uva -uv -un -ūn Атау (вокатив) -i -īy -iya -iy -in -īn -u -ūv -uva -uv -un -ūn Табыс -im -īy -iš -iy -in -īn -um -ūv -ūn -uv -un -ūn Көмектес -auš -ībiyā -ībiš -auš -ībiyā -ībiš -auv -ūbiyā -ūbiš -auv -ūbiyā -ūbiš Барыс -aiš -ībiyā -ībiš -aiš -ībiyā -ībiš -auš -ūbiyā -ūbiš -auš -ūbiyā -ūbiš Шығыс -auš -ībiyā -ībiš -auš -ībiyā -ībiš -auv -ūbiyā -ūbiš -auv -ūbiyā -ūbiš Ілік -aiš -īyā -īnām -aiš -īyā -īnām -auš -ūvā -ūnām -auš -ūvā -ūnām Жатыс -auv -īyā -išuvā -auv -īyā -išuvā -āvā -ūvā -ušuvā -āvā -ūvā -ušuvā
Сын есім Сын есімнің Салыстырмалы шырай -tara-, -θara- , -iyah-,-īyah- жұрнақтары арқылы жасалады
Таңдаулы шырай -tama-, -išta-
Салыстырмалы және таңдаулы шырайлар сын есімдердің жай шырайынан (кейде басқа түбірден) өзгеше болуы мүмкін: tunuva(n)t «күшті, мықты» салыстырмалы шырай tauvīyah; vazarka «ұлы» - таңдаулы шырай maθišta «аса зор»; dura «алыс» - таңдаулы шырай duvaišta «өте алыс».
Есімдік
Жіктеу
Жақ Жек. Көпше 1. adam vayam 2. tuvam
3. hauv
Жіктеу есімдігінің септелуі
1-жақ Септік Жек. Көпше Атау adam vayam Табыс mām
Ілік manā amāxam Барыс
amāxam Шығыс -ma
2-е лицо Септік Жек. Көпше Атау tuvam (tuva)
Табыс θuvam
Ілік -taiy
Барыс -taiy
Шығыс
Тәуелдеу Сілтеу Сол, анау, сонау Жек. Септік Аталық т. Аналық т. Орта т. Атау hauv hauv ava Табыс avam avām ava Ілік avahayā
avahayā Барыс avahayā
avahayā Шығыс avanā
avanā Көмектес avanā
avanā Көпше Септік Аталық т. Аналық т. Орта т. Атау avaiy *avā avā Табыс avaiy *avā avā Ілік avaišam
Барыс avaišam
Осы, бұл, бұны Жек. Септік Аталық т. Аналық т. орта т. Атау iyam iyam ima Табыс imam imām ima Ілік
ahayāyā
Барыс
ahayāyāʰ
Шығыс anā
Жатыс
ahayāyā
Көпше Септік Аталық т. Аналық т. Орта т. Атау imaiy imā
Табыс imaiy imā
Ілік imaišam
Барыс imaišam
Шығыс
imaibiš Көмектес
imaibiš
Сұрау Белгісіздік Болымсыз Қатыстық
Қайсысы Жек. Септік Аталық т. Аналық т. Орта т. Атау haya hayā taya Табыс tayam tayām taya Көмектес tayanā
Шығыс tayanā
Көпше Септік Аталық т. Аналық т. Орта т. Атау tayaiy tayā,tayaiy
Табыс
tayā tayā Ілік
tayaišam tayaišam Барыс
tayaišam tayaišam
Сан есім Есептік Логограммалармен белгіленген есептік сан есімнің тек біреуі ғана белгілі: aiva «бір».
Реттік Мәтіндер duvitīya «екінші», θritīya «үшінші», navama «тоғызыншы» деп аталатын реттік сан есімінің үш мысалы ғана табылды.
Етістік thumb|Дарийдің жазуы. Иран. thumb|Ксеркстің жазуы. Иран. thumb|Ламассу (қанатты адамбұқа). Ксеркстің аккадша, эламша және көне парсыша сына жазуы. Персеполис.
Уақыт
Осы шақ
+ Осы шақ, сабақты етісБейтақырыптық күйіТақырыптық күйі 'болу' 'әкелу' Жек.1 жақ ahmiy barāmiy3 жақ astiy baratiy Көпше 1 жақ ahmahay barāmahay 3 жақ hatiy baratiy Келер шақ Имперфект
+ Аяқталмаған өткен шақ (имперфект), сабақты етісБейтақырыптық күйіТақырыптық күйі 'жасау' 'болу' Жек.1 жақ akunavam abavam3 жақ akunauš abava Көпше1 жақ akumā abavāmā3 жақ akunava abava
Көне парсы жазбаларындағы имперфекттің ең жиі қолданылатын формалары: аһа «ол болды, олар болды», abava «ол болды, олар болды (біреу)» adurujiya «ол өтірік айтқан, олар өтірік айтқан», aθaha «ол айтқан, олар айтқан», akunavam «мен жасадым», akunauš «ол жасады», frābara «ол берді, олар берді».
Имперфекті қолдану мысалдары:
adam Dārayavauš xšāyaθiya vazarka xšāyaθiya xšāyaθiyānām xšāyaθiya dahayūnām Vištāspahayā puça Haxāmanišiya haya imam tacaram akunauš — «Мен - Дарий, ұлы патша, патшалардың патшасы, аймақтың патшасы, Гистасптың ұлы, Ахеменид, осы сарайды салдырттым (тұрғыздым)».
iyam Gaumāta haya maguš adurujiya avaθā aθaha adam Bardiya amiy haya Kurauš puça adam xšāyaθiya amiy — «Бұл Гаумата, сиқыршы, өтірік айтты; осылай айтты: «Мен - Бардия, Кирдің ұлы, мен - патшамын».
yaθā Kabūjiya Mudrāyam ašiyava pasāva kāra arīka abava — «Камбиз Египетке барғанда, әскер бүлікші болды».
Перфект Перифрастық перфект Плюсквамперфект Аорист Етіс Сабақты Орта (осы шақтың тақырыптық пішіні -aiy-, -ataiy-) Ырықсыз (-ya-). Көне парсыда 1 және 3 жақ етістік формалары куәландырылған. Екі жақты санның осы шаққа қалыптасқан түрі: ajīvatam «екеуіде өмір сүрді».
Рай Ашық Бұйрық
Сабақты етіс
Жек.
Жақ Бейтақырыпт. Тақырыпт. 2 -diy -a 3 -tuv -atuv Көпше
Жақ Бейтақырыпт. Тақырыпт. 2 -ta
3 -(n)tuv
Орта етіс
Жек.
Жақ Бейтақырыпт. Тақырыпт. 2 -šuva -aʰuva 3
-atām
Мысалы, jadiy «өлтір», paraidiy «кет», pādiy «сақта», dadātuv «ол берсін», kunautuv «ол істесін».
Шартты Қалау Әлеуетті Инъюнктив
Инъюнктив ашық райдың аугментсіз имперфектіне ұқсас формасы. Кейде имперфекттің немесе осы шақтың ашық райына ұқсас мағынада қолданылады (әсіресе, егер етістіктен кейін үстеу болмаса). Көбіне инъюнктив ерікті түстермен келер шақтың мағынасына ие болған. Мысалдар: mā tarsam «қорықпаймын», mā avarada «кетудің қажеті жоқ», paraitā «олар кетсін», ja(n)tā «оларды өлтірсін», mā apagaudaya «саған болдырмаудың керегі жоқ».
Жіктелмейтін етістік түрі + осы шақ есімшесіСабақты етісОрта етіс -nt- -amna-
+ Ырықсыз етістегі өткен шақтың есімшесі -ta-
+ Етістіктің болымсыз түрі -tanaiy
Лексикасы Үндіиран тармағы Көне парсыша Орташа парсыша Қазі. парс. т. Мағынасы *aśva as(p)a asp asb اسب ат *kāma kāma kām kām کام тілек *daiva daiva dēv div دیو дәу, жын *j́raya draya drayā daryā دریا теңіз *j́hasta dasta dast dast دست қол *bhāgī bāji bāj bāj باج/باژ алым *bhrātr- brātar brādar barādar برادر бауыр *bhūmī būmi būm būm بوم аймақ, ел *martya martiya mard mard مرد еркен *māsa māha māh māh ماه ай *vāsara vāhara vahār bahār بهار көктем *sthūnā stūnā stūn sotūn ستون бағана *cyāta šiyāta šād šād شاد бақытты *arta arta ard ard اَرد ақиқат *draugh- drauga drō dorōgh دروغ жалған
Әдебиет Brandenstein, Wilhelm (1964), Handbuch des Altpersischen, Wiesbaden: O. Harrassowitz Hinz, Walther (1966), Altpersischer Wortschatz, Nendeln, Liechtenstein: Kraus Kent, Roland G. (1953), Old Persian: Grammar, Texts, Lexicon, New Haven: American Oriental Society Sims-Williams, Nicholas (1996), "Iranian languages", Encyclopedia Iranica, vol. 7, Costa Mesa: Mazda: 238-245 Schmitt, Rüdiger (1989), "Altpersisch", in R. Schmitt, Compendium linguarum Iranicarum, Wiesbaden: Reichert: 56-85 Tolman, Herbert Cushing (1908), Ancient Persian Lexicon and the Texts of the Achaemenidan Inscriptions Transliterated and Translated with Special Reference to Their Recent Re-examination, New York/Cincinnati: American Book Company
Сілтеме The Ancient Persian Alphabet Stolper, Matthew W. & Jan Tavernier (1995), "From the Persepolis Fortification Archive Project, 1: An Old Persian Administrative Tablet from the Persepolis Fortification" Arta, vol. 2007:1, Paris: Achemenet.com Peterson, Joseph H. (2006), Old Persian Texts, Herndon, VA: avesta.org
Санат:Иран тілдері Санат:Таяу Шығыстың көне тілдері Санат:Парсы тілі