Йоахим Штрайх (; 13 сәуір 1951, Висмар - 16 сәуір 2022) — германиялық футболшы, шабуылшы. ГДР Ұлттық құрамасы сапында 1974 жылғы әлем чемпионатына қатысты. 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасына қатысып, қола жүлдегер атанды. Футбол ойнауды доғарған соң бапкерлікпен айналысты. Ұлттық құрама сапында 100-ге тарта кездесуде алаңға шықты.
Карьерасында "Ганза", "Магдебург" клубтарында ойнады. Бапкерлік карьерасын 1985 жылы "Магдебургті" жаттықтырудан бастады. Кейін де бірнеше германиялық клубтарға бапкерлік жасады.
ГДР футболы тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі.
Жетістіктері
Командалық
ОСНП кубогы иегері (3): 1978, 1979, 1983 Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1972
Жеке
ГДР жыл футболшысы (2): 1979, 1983 Алтын доп номинанты: 1976 ГДР чемпионатының үздік мергені (4): 1977, 1979, 1981, 1983 ГДР чемпионаттары тарихындағы үздік мерген: 229 гол «Магдебург» тарихындағы үздік мерген: 215 гол ГДР құрамасы сапындағы үздік мерген: 53 гол
Сілтемелер Статистикасы
Санат:13 сәуірде туғандар Санат:ГДР футболшылары Санат:ГДР Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ганза ФК ойыншылары Санат:Магдебург ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Брауншвейг ФК жаттықтырушылары Санат:Магдебург ФК жаттықтырушылары Санат:ГДР футбол жаттықтырушылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:1972 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері