Павел Викторович Матяш (11 қыркүйек 1987 жыл) — қырғызстандық футболшы, қақпашы. Өзбекстандың АГМК клубында ойнайды. Карьерасы "Дордой" футбол клубының түлегі. Ұзақ жылдар бойы осы клубтың қақпасын қорғап, 2014 жылы Бішкектің "Алға" клубына ауысты. Бірақ "Дордойдан" кеткен соң тұрақты ойнай алмай, жиі клуб ауыстырумен болды. 2014-19 жылдар аралығында төрт түрлі клубтың намысын қорғады. 2018 жылы Өзбекстанның төменгі лигаларының бірінде ойнайтын АГМК клубының қатарына қосылды.
2009 жылдан бері Қырғызстан құрамасының мүшесі.
2019 жылы Азия кубогына қатысты. Алғашқы турдағы Қытаймен ойында өз қақпасына гол соғып алды. Жетістіктері
Қырғызстан чемпионы (6): 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012 Қырғызстан кубогы (3): 2008, 2010, 2012 Қырғызстан суперкубогы (2): 2011, 2012 АФК президенті кубогы: 2007 Мальдивтер кубогы: 2015http://boorsok.ru/2015/10/nashi-za-granitsej-kak-sygrali-futbolisty-iz-kyrgyzstana-v-zarubezhnyh-chempionatah/
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:11 шілдеде туғандар Санат:Дордой ФК ойыншылары Санат:Алға ФК ойыншылары Санат:Қырғызстан футболшылары Санат:Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:ЮиТМ ФК ойыншылары