Шошанай – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысының Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 56 км, су жиналатын алабы 334 км2.

Бастауы Шошанай Кетпен (Ұзынқара) жотасының батыс бөлігінің солтүстік беткейіндегі бастаулардан басталып, Шонжы ауылы тұсында тартылып қалады.

Гидрологиясы Өзен таулы жермен ағады; аңғары тар, беткейі тік. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Кішігірім 30 саласы бар. Жылдық орташа су ағымы 0,41 м3/с. Суымен бау-бақша суарылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы өзендері Санат:Іле су алабы